Жаңалықтар

Көкшетауда оқушыларды «Кальмар ойынына» шақыратын хабарламалар пайда болған

  • Көкшетауда оқушыларды «Кальмар ойынына» шақыратын хабарламалар пайда болған

    Көкшетауда оқушыларды «Кальмар ойынына» шақыратын хабарламалар пайда болған

Қалалық Білім басқармасы ойынның әлеуметтік желілерде кеңінен тарала бастағанын айтып, сақ болуға шақырды.

Көкшетауда мектеп оқушыларының ұялы телефондарына WhatsApp-тан "Кальмар ойынына" шақырған хабарламалар мен қоңыраулар түсе бастады. Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ойын жайлы Көкшетау қаласының Білім басқармасы мәлім етті деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қалалық Білім басқармасы ата-аналарды кейінгі кезде аса танымал болған ойынның әлеуметтік желілерде кеңінен тарала бастағанын айтып, сақ болуға шақырды.

Ойын Оңтүстік Кореяның қаржылық қиындықтарға тап болған адамдардың аралға барып, өлімге дейін апаратын "Кальмар ойыны" сериалы негізінде жасалған.

Қазір барлық әлем балалары осы сериалдағы кейіпкерлерге ұқсағысы келетіндер көбейген. Көкшетау қаласында да осындай фактілер бақыланып жатыр. WhatsApp қосымшасынан ойын ойнауға ұсыныс білдірген хабарламалар немесе +7(747)095-39-00 телефонынан қоңырау шалып «Кальмар ойынын» ойнауға ұсыныс жасайды, – дейді қалалық Білім басқармасынан.

Қалалық Білім басқармасы ата-аналардан аталған сериалды көруді шектеп, ойын мен манипуляцияның арасында айырмашылық жайлы түсіндіруді өтінеді.

Аталған фактілерді анықтаған жағдайда дереу «102» телефонына хабарласуды өтінеміз. Бұл мәселе Көкшетау қалалық Полиция басқармасының да бақылауында тұр», – деп толықтырды қалалық Білім басқармасынан.




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.11.2021, 17:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31