Жаңалықтар

Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды

  • CC0 / pixabay.com

    CC0 / pixabay.com

Астаналық зағип жасөспірім менталды арифметика бойынша ISMA-2019 халықаралық олимпиадасында суперчемпион кубогын жеңіп алды. Орталықта оқыған кезінде Абылай Мұстафин аудио жазбадағы материалдарды Брайль қарпіне аударумен айналысыпты.


"Бала өзгелермен тең дәрежеде олимпиадаға қатысты. Ол методика авторы Гүлжан Бердібековаға академиялық материалдарды көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған қаріпке аудару туралы ой тастаған болатын", - деп хабарлайды ISMA орталығы.


Шара Астанада 8 наурызда өткен. Олимпиадаға барлығы 559 оқушы қатысыпты. Турнирге әлемнің алты еліндегі оқу орталықтарының мамандары төрелік етті. Олимпиада 11 академиялық деңгей және 5 бірдей жас категориясы бойынша өткен. Жарыс қорытындысына сәйкес 43 қатысушы кубок және суперчемпион титулын иеленіп, 96 адам чемпион кубогын жеңіп алды, қалғандары бірінші, екінші және үшінші орындар алған.


Олимпиаданы Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь және Қырғызстанның төтенше және уәкілетті елшілері келіп көрді.


Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақтау қаласынан шыққан 12 жастағы Орынгүл Арыстан менталды арифметикадан әлемдік рекорд орнатқан команданың құрамында болған еді. Жарыс Ресейде Екінші Еуразиялық әйелдер форумы аясында өтіп, оған дүние жүзінің түкпір-түкпірінен 150 оқушы қыз қатысқан болатын. Балалар 26 минут 26 секунд 12 миллисекундта 30 мың есеп шешті.


 
Sputnik




Көрілген: 602    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31