Жаңалықтар

Қыз деген маркер. Ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз - Омар Жәлел

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы қыздарды оқуға емес, бала тууға шақырған. Бұл туралы ол қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс кезінде айтқан.

 

"Қыз баланың мұраты – өмір бойы оқып, "академик-доктор" болу емес, жастайынан бес зәруді бойына сіңіріп, "академик-докторларды" туып, тәрбиелеу. Қыз деген маркер ғой. Ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз", - деген Жәлел дәріс оқу барысында.

Абайтанушының бұлай деуі оқушы қыздардың ашуын туғызды.

 

Тіпті 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбек әлеуметтік желіде пост жазып, Жәлелдің сөзімен келіспейтінін білдірген. Ол әйелдерді өз құқықтарын қорғауға шақырды.

 

 

Оқушы қыздың позициясын білім беру ұйымының әкімшілігі де қолдап отыр.

 

"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Тараз қаласындағы зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбектің ұстанымын қолдайды және оның Instagram желісіндегі қыздардың заманауи қоғамдағы миссиясы туралы жазбасымен келіседі", - деп мәлімдеді НЗМ өңірлік филиалынан.

 

 

Айта кетсек, Омар Жәлел қазақстандықтарға шулы мәлімдемелерімен танымал. Абайтанушының сұхбаттары қазақ тілді БАҚ беттерінде жиі жарық көріп тұрады. Мәселен, жуырда ол қыздарды тауарға теңеп, елдің талқысына түсті.

 

sputnik

 




Көрілген: 232    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 18:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30