Жаңалықтар

Магистратура-2021. Кешенді тестілеуге қатысу қашан басталады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін тіркеу 18 маусым күні басталады. Тіркеу БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

 

Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

 

Тіркеу кезінде тестілеу өткізілетін орынды оқуға түсуші өзі таңдайды. Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында байқау сынағынан өтуге болады. Емтихандар 20 шілдеден басталып, 10 тамызға дейін жалғасады, – деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

 

Магистратураға түсу форматына келетін болсақ, биыл ешқандай өзгеріс жоқ. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда тестіленуші КТ аяқталғаннан кейін 30 минуттың ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

 

Магистратураға түсуге арналған тестілеу 3 бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Шет тілін меңгерудің жалпы халықаралық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар магистратураға түсушілер шет тілі бойынша кешенді тестілеуден босатылады, – деп атап өтті А.Тойбаев.

 

Айта кеткен жөн, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға түсу үшін шекті балл өзгеріссіз қалды және 75 балды құрайды, оқуға ақылы негізде түсу үшін 50 балл жинау қажет. Емтихан төрт сағатқа дейін жалғасады.

 

Естеріңізге сала кетейік, бакалавриат бойынша гранттардың жалпы саны - 56 561, магистратура – 13 263, докторантураға 1890 грант бөлінген. Кадрлар даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінеді.

 

 

 

BAQ.KZ

 




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 19:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31