Жаңалықтар

Мектеп оқулықтарын бағалаудың жаңа критерийлері әзірленді

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының сарапшылары мен халықаралық зерттеушілер консорциумының мамандары оқулық басылымдарының сараптау жүйесін жаңғыртуға бағытталған құжаттар-топтамасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Аталған топтаманы әзірлеу бағытындағы кешенді шаралар өткен жылдың қыркүйек айында басталған. Мұндағы негізгі мақсат – оқулықтарға қойылатын талаптарды отандық және әлемдік тәжірибені салыстыру және жіті зерттеу арқылы қайта қарастыру, заман талабына сай әзірлеу. Сондай-ақ, сараптама кезеңдері мен реттілігін тиімділік және қолданбалылық тұрғысынан қайта қарау, оқулықтарды зерделеу мен бекітудің ұлттық жүйесін нығайту көзделді. Бұл жөнінде РҒП Білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос Нұрланов айтып берді.

 

«Әзірленген құжаттарда сараптаманы жүргізуге, сарапшыларды іріктеуге, орта білім мазмұнының инвариантты бөлігіне жататын 19 пәнге арналған критерийлерге, жаңа оқулықтар мен ОӘК-ге жүргізілетін сынақтан өткізу процесі мен қоғамдық талқылау жұмысын жүргізуге қатысты нұсқаулықтар қамтылған. Сонымен қатар оқу басылымдарының авторларына, сарапшылардың жұмысын бағалауға бағытталған арнайы нұсқаулықтар да бар», деді орталық басшысы.

 

Елдос Болатханұлының айтуынша, оқу әдебиетін бағалауға арналған критерийлерді 19 пәнге бөліп қарастыру – ұтымды тәжірибе. Бұған дейін оқу басылымдарын бағалау жүйесінде жалпы талаптарға басымдық берілген. Елімізде оқулыққа сараптама жүргізудің өзіндік тәжірибесі болғанымен, пән бойынша егжей-тегжей жіктеу бұрын-соңды қолданылып көрмеген.

 

Білім және ғылым министрлігі бұл мәселеге ден қойып, Дүниежүзілік банктің «Орта білімді жаңғырту» жобасы аясында осы бағыт бойынша консультациялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуді қолға алды.

 

Жаңартылған критерийлерде соңғы 5 жылда қолданысы қарқынды түрде артқан ғалам торабы мен әлеуметтік желінің сын-қатерлері ескерілген. Мәселен, мемлекет пен қоғамның дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін кемсітушілік, құқықбұзушылық, қатыгездік, үрдісшілдік, суицид, лаңкестік, отбасы құндылықтарына қарсы мінез-құлық, коммерциялық жарнама, бейресми дереккөздердің көрініс табуына жол бермеу мәселесі күшейтіле түскен.

 

Жаңартылған критерийлер тиісті рәсімдерден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 19:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30