Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына тегін көмектесетін жоба іске қосылады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда оқушыларға мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектесетін «E-Tutor» әлеуметтік жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«NU Alumni» түлектер қауымдастығы білім берудегі тәлімгерлік бойынша осындай жобаны іске қоспақ. Жоба аясында НУ түлектері мен студенттері қатарынан кураторлар волонтерлық негізде 5-11 сынып оқушыларына бірқатар пән бойынша мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектеседі.

 

Оқушыларды іріктеу кезінде ең алдымен медицина қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардан шыққан балаларға басымдық беріледі.

 

Жобада оқушылар пәндерді меңгеруде көмек алып қана қоймай, робот техникасы, информатика және бағдарламалау бойынша үйірмелерге жазыла алады. Сондай-ақ, менторлармен бірге балалар олимпиадаларға дайындалып, емтихандарды, соны ішінде IELTS және SAT-ті де тапсырады.

 

«Біздің жоба қазақстандық оқушылардың әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу үшін ойластырылған. Бүгінгі таңда біздің жобамыз елорданың бірнеше мектебін ғана қамтиды, бірақ болашақта еліміздің әр өңірінен келген балаларды оқуда қолдау арқылы оның географиясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - дейді «NU Alumni» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Арман Қоңқабай.

 

Сабақты оқушының таңдауына байланысты қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өткізу жоспарлануда. Әр оқушы 3 пәнге дейін таңдай алады. Ол бойынша куратор апта сайын 45 минуттан онлайн-сессия өткізеді.

 

Барлық білім беру материалдары: онлайн-сабақтардың жазбалары, әдістемелік анықтамалықтар, оқулықтар, емтихандарға дайындық бойынша ұсынымдар жобаның арнайы сайтында орналастырылады.

 

Бүгінгі күнге дейін жобаға іріктеудің барлық кезеңінен өткен 69 куратор-түлек қатысуға ниет білдірген.

 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31