Жаңалықтар

Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді – министр

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші 98,8 пайызға дейін жетті. Десек те, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі әлі де 71 пайызды ғана құрайды. Сондықтан біз енді ерте жастағы, яғни 2 мен 6 жастағы балаларды қамту міндетін басты назарға қойып отырмыз. Осы жастағы балалар үшін ең көп кезек бүгінде Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында. Мақсат – 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95 пайызға, ал 3-6 жастағы балаларды қамтуды 100 пайызға жеткізу», - деді министр.

 

Асхат Аймағамбетовтің атап өтуінше, ол үшін жеке меншік балабақшалар желісін одан әрі дамыту, ваучерлік қаржыландыруды, сонымен қатар әлеуметтік тәрбиеші институтын енгізу тетіктерін кеңінен қолданылады.

 

«Сәйкесінше әкімдіктерден мемлекеттік тапсырыс мөлшерін нормативке сай төлеу мәселесін шешулерін сұраймын. Өйткені олсыз жаңа орындар ашу мүмкін болмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл үшін «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі және бағдарламалар жаңарады. Сонымен бірге енгізілетін Ваучерлік қаржыландыру тетігі де балабақшалардың бәсекелестігін арттыру арқылы білім сапасына да оң өзгеріс әкелетіні анық», - деді ол.

 

 




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.03.2021, 11:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31