Жаңалықтар

"Мектепте жүріп жүкті болған" қыздар туралы Білім бөлімі жауап берді

  • https://www.mendozapost.com/nota/46722-7-de-cada-10-madres-adolescentes-no-buscaron-el-embarazo/

    https://www.mendozapost.com/nota/46722-7-de-cada-10-madres-adolescentes-no-buscaron-el-embarazo/

Қызылорда облысы Шиелі ауданының Білім бөлімі оқушы қыздардың мектепте жүріп аяғы ауырлағаны жалған деп мәлімдеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Шиелі аудандық Білім бөлімінің Баспасөз қызметі Express Qazaqstan тілшісіне хатта көрсетілген екі жасөспірімнің мектепте жүріп жүкті болғанын жалған деп мәлімдеді.

 

Айтуынша, 17 жастағы қос оқушы мектептегі тізімнен шығып, колледжге оқуға түскеннен кейін ғана күйеуге шыққан. Қазір олар Қызылорда қаласындағы "Орда" колледжінің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" факультетінде оқып жатыр.

 

Ата-аналар жиналысы, 8-11 сыныптар арасындағы қыздар жиналысы өткізілген. Хаттамалары жинақталған, — деді Шиелі аудандық Білім бөлімі.

 

Қызылорда облыстық білім басқармасынан зерделеу тобы құрылып, №152 мектептің тәрбие жұмыстары бойынша өткізілген іс-шаралар хаттамаларын тексерген. Нәтижесінде құжаттар тиісті талаптарға сай болмай шыққан. Осыған байланысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен екі сынып жетекші мұғалім "сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза алған.

 

Қызылорда тұрғындары кәмелетке толмаған қыздардың мектепте жүріп жүкті болатынын айтып қоғам белсендісіне хат жазғанын естеріңізге саламыз. Онда бір топ ата-ана Шиелі ауданы Жөлек ауылының №152 мектебінде үш жылдан бері жыл сайын бір оқушы қыз мектепте оқып жүріп тұрмысқа шығатынын баяндаған. Сонымен қатар, биыл екі оқушы қыздың аяғы ауыр болып қалғанын да айтқан.

 

Қоғамды дүр сілкіндірген хабар желіде қызу талқыға түсті. Бірі отбасында тәрбиенің жоқтығын айтса, ендібірі ұстаздарға да жауапкершілік артқан. "Отбасындағы тәрбие дұрыс болмаса, қыз тізгінсіз кетеді", "Ата-ана уйде тәрбие береді, мектепте ұстаздар қадағалауы керек", "Қалаулым" мен "Қосылайықтың" жемісі ғой. Несіне таң қаламыз?" деген пікірлер қалдырған.

 

 




Көрілген: 1976    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 19:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31