Жаңалықтар

Мектептерде арнайы күзет пайда болады

  • Фото: ТАСС/Егор Алеев

    Фото: ТАСС/Егор Алеев

Қазақстандағы білім беретін ұйымдарда қауіпсіздік барынша күшейтіледі. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елдегі барлық мектепте арнайы күзет пайда болады.

 

Үкіметтің мұндай шарасына ата-аналар бір тиын шығармайды, қажет қаржы бюджеттен бөлінеді.

 

Мектептердегі қауіпсіздікті күшейтуге шенеуніктер Татарстандағы оқиғаға дейін кіріскен екен. Тіпті Үкіметтің қаулысы атыс болған күнге дейін шығыпты. Сол құжаттың негізінде полицейлер Қазақстандағы мектептердің лаңкестік әрекетке дайындығын тексеріп жатыр.

 

Бүгінгі күнге шейін елдегі оқу орындары қалтасына қарай көсіліп келген. Қауіпсіздік құрылғылары жоқ мектептер де бар.

 

Енді оқу орындары бейнебақылау камералары, дабыл түймешегі, рұқсатпен кіру жүйесі және арнайы күзетпен қамтылады.

 

Министрлер кабинеті мектепке әкелуге тыйым салатын заттардың тізімін де жасаған.

 

Мұрат Баймұқашев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

 

- Мектепке әкелуге тыйым салатын заттардың санатына қару-жарақ, пышақ, айырсадақ, кастет және соған ұқсас заттар кіреді. Жарылғыш құралдарына ұқсайтын затты, аэрозоль бояуын, пиротехникалық зат пен газ баллоншасын білім беру мекемесіне әкелуге тыйым салынған. Тізім жылдың басында жасалды. Ал оған қатысты бұйрық әділет министрлігіне жіберілген. Осы құжатты тіркеуге алу қажет.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 1698    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 22:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31