Жаңалықтар

Мектептерде оқу процесі қалай ұйымдастырылады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Елордадағы №54 мектеп-лицейінің директоры Шәкәрім Сейсенбай қыркүйекте оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгін жалпыреспубликалық педагогтар кеңесін өткіздік. Педагогтар кеңесі бүкіл республика аумағында ұйымдастырылды. Біз де өзіміздің мектепішілік педагогикалық кеңеске жиналып, оқу жылына дайындық, оқу процесін ұйымдастыру мәселелерін талқыладық», - деді ол ҚазАқпарат тілшісімен телефон арқылы.

 

Оның дерегінше, елордадағы №54 мектеп-лицейде 2 800-ден астам бала білім алады.

 

«Оның ішінде 1-4 сынып оқушылары арасында кезекші сыныпқа келіп, мектепте білім алуға ниет танытып отырғандар да бар. 1-4 сынып оқушыларының 284 ата-анасы онлайн өтінім берді. Осыған орай мектепте 25 кезекші топ құрылып, онда балалар оқитын болады», - деді Шәкәрім Сейсенбай.

 

Сонымен қатар ол кезекші сыныптарда оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын да түсіндіріп өтті.

 

«Кезекші сыныптарда үш пән бойынша сабақ жүргізіледі. Яғни, балалар мектепке келеді және сол жерде негізгі пәндерді оқиды. Одан кейін орыс тілі мен ағылшын тілі сынды пәндер онлайн форматында өтетін болса, дене тәрбиесі, музыка және технология сабақтары қашықтан ұйымдастырылады. Мұғалімдер тапсырма беріп, олардың орындалуын қадағалап отырады. 5-тен бастап 11-сыныпқа дейінгі оқушылар тек қана қашықтан білім алады», - деді мектеп директоры.

 




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.08.2020, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31