Жаңалықтар

Мемқызметшілер оқушыларға арналған ноутбуктерді ұрлаған

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Солтүстік Қазақстан облысындағы білім басқармасының қызметкерлері Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен кедей отбасылардың балаларына арнап сатып алынған ноутбуктарды ұрлады деп күдіктелуде.

 

Бұл туралы AntikorNews алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлімдеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс аудандарының әкімдігінің білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Олар пандемия кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан аудан мектептерінің оқушылары үшін Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен білім басқармасы сатып алған ноутбуктердің бір бөлігін ұрлады деген күдікке ілінді, - деді тергеуші.

 

Оның сөзінше, жасалған қылмыстан мемлекетке 12 млн теңгеден аса залал келтірілген.

 

Істің мән-жайлары тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша қабылданатын болады, - деп толықтырды Данияр Бекайдаров брифингте.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 12:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31