Жаңалықтар

Министр атышулы мектеп директорын орнынан алып тастады

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Таразда басы дауға қалған №43 мектеп директоры қызметінен шеттетілді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың өзі осынадай пәрмен берді. Еліміздің бас ұстазы шу шыққан білім ошағының басшысы педагогикалық этикаға жат әдет жасағанын айтып отыр. Сондықтан бұл істі май шаммен қарауға уәде етті, деп хабарлайды ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.

 

Бұл даудың басы мұғалімнің бейнеүндеуінен басталды. Онда Күнсұлу Бөрімбекова жұмыстан “негізсіз қуылдым” деп жанайқайын жеткізген. “Жаптым-жала, жақтым, күйенің құрбаны болдым” деген ұстаз президент пен Білім министрінен араша сұраған.

 

Күнсұлу Бөрімбекова:

 

– Бұл директор мектепке келгелі ұжымның берекесі қашты. Көптеген мұғалімдерді жұмыстан кетіріп, 20-25 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдері жұмыстан кетуге мәжбүрледі. Міне бүгінгі күні соның біреуі мен болып отырмын.

 

“Директор мектепті меншігіндей көреді”, – дейді Күнсұлу. Ал мұғалімдермен дөрекі сөйлесу әдеті екен. Қит етсең, артыңа шам алып түседі деген 30 жылдық еңбек өтілі бар маманның сөзін әріптестері де растап отыр. Олардың айтуынша, білім ошағы базарға айналған.

 

Айгүл Керімқұлова, мұғалім:

 

– Декреттің жұмыстан шыққан мұғалімдерден 50 мыңнан алатын. Биылғы жылы 100 мың болыпты ставкасы. Одан кейін артық сағат алу үшін мұғалімдерге ұсыныс тастайды. 27 сағат алсаң – 50 мың, 24 сағат алсаң – 30 мың. Кәдімгі базар болып кеткен біздің мектеп. Ал мектеп директоры шуға себеп болған Бөрімбекованың міндетін дұрыс атқармағаны үшін жұмыстан босатылғанын айтады. Сондай-ақ, ол өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды.

 

Элмира Өмірбекова, №43 мектептің директоры:

 

– Біздің мектепте 114 мұғалім бар. Олардың үшеуі дауласқанына менің еш қарсылығым жоқ. Құқы бар. Бірақ қаржы мәселесіне қатысты мен заңның аясында сотқа жүгіну арқылы шешім шығартқызамын. Біріншіден олар оны дәлелдеуі керек.

 

Өмірбекованың бұған дейін де басы дауға іліккен. Алты жыл бұрын №25 мектептің директоры болған тұсында дәл осы себеппен ұжымы қарсы шыққан болатын. Ол кезде уәж айтқандарды бірден Ақордаға сілтеген.

 

Элмира Өмірбекова, 7 наурыз, 2014:

 

– Барыңыз, барыңыз, Елбасы сендерді “қарсы алайын” деп отыр. Керемет “қарсы алайын” деп отыр.

 

Сол айғайдан кейін Өмірбекова қызметінен қуылып, кейін сот арқылы қайта тағайындалған-ды. Ал үш жыл бұрын №43 мектепке ауысып келген. Жүрген жері айғай-шу болған басшының әрекеті министрдің құлағына да жетіпті.

 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

 

– Қазір комиссияның тексеруі жүруде. Тексеріс аяқталғанға дейін директорды жұмысынан шектеуді тапсырамын. Үшіншіден педэтикалық жағынан қылықтары сәйкес келмейді. Мен видеоларды да әдейі қарап шықтым.

 

Министр Асхат Аймағанбетов бұны “келеңсіз жағдай” деп баға берді. Әрі дер кезінде әрекет қылмай, дауды ушықтырып алған жергілікті басшыларды қатаң сынады. Осы дөрекі директордың кесірінен Білім басқармасы мен қалалық Білім бөлімінің басшысы ауызша ескерту алды.

 




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 11:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30