Жаңалықтар

Министр ҰБТ-ға қандай өзгеріс енгізілгенін айтты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық бірыңғай тестілеу ережесіне қандай өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Министрдің айтуынша, бүгінде ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ұялы телефон, шпаргалка және тағы басқа заттарды пайдалану фактілері бар. ҰБТ-ның алдында барлығын тексереді, тыйым салынған заттарын да алып қояды. Бірақ ешқандай шара қабылданбайды. Осыған байланысты биылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған ережеге өзгеріс енгізілді.

 

"Енді, былай болады. Егер сені металл іздегіштен өткізгенде ұялы телефон анықталса, ұлттық бірыңғай тестілеуге мүлдем кіргізбейді. Себебі алдағың келді, тәртіп бұзатыныңды біле тұра, алып келдің. Осының өзі емтиханға кіргізбеуге себеп бола алады", - деді Аймағамбетов сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде.

 

Оның сөзіне қарағанда, ондай тәртіп биыл ақылы ҰБТ-дан бастап енгізіліп отыр. Соның арқасында тыйым салынған заттарды алып келу көрсеткіші төмендеді. Бұған дейін ондай заттар тестке келген түлектердің 60 процентінде анықталса, биыл осы көрсеткіш бірден 5 процентке төмендеп кетті.

 

"Енді, наурызда бір тест өтеді. Одан кейін маусым айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу бар. Онда гранттар сарапқа салынады. Сол кезде қатаң бақылау болады. Мектеп түлегі тыйым салынған затпен келсе, мейлі, көшіріп үлгермесе де, біз тиісті акт толтырып, ондай адамды тест тапсыру залынан шығаратын боламыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

 




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 17:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30