Жаңалықтар

Мұғалімдер келесі айдан бастап аттестациядан өтеді

  • https://edu.mcfr.kz/

    https://edu.mcfr.kz/

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге біліктілік санаттарын тағайындау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Педагог қызметкерлерімен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Айман Дүйсембаеваның айтуынша, биылдан бастап біліктілік тестерін балабақша, қосымша білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік оқу орындарының мамандары тапсыра алады. Әрбір пән бойынша 30-70 тапсырма қарастырылған.

 

"Мәселен, "Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері де педагог болып саналады. Сондықтан олар да тестілеуден өтеді. "Оқу пәнінің мазмұны" – 70 тапсырма, ал "Педагог оқыту әдістемесі" бойынша 30 тапсырма болады", - деді Дүйсембаева министрлікте өткен жиында.

 

Қанша сұраққа дұрыс жауап беру қажет?

 

Талап бойынша әрбір ұстаз санатына қарай тапсырмаларды орындауы тиіс. Сонда ғана ол өз біліктілігін растай алады.

 

Мәселен, білім мазмұны бойынша кем дегенде 50 процент сұраққа дұрыс жауап беру қажет.

 

* Модератор – 50%;

* Сарапшы - 60%;

* Зерттеуші – 70%;

* Педагог-шебер - 80%.

 

Оқу әдістемесі бойынша:


* Модератор - 30%;

* Сарапшы - 35%;

* Зерттеуші - 40%;

* Педагог-шебер - 45%.

 

Тест тапсырған мұғалімдер екінші кезеңге өтеді. Сонда өз портфолиосын таныстырады.

 

Аттестация қашан басталады?

 

Сұрақ-жауап кезінде вице-министр Шолпан Каринова аттестацияның мерзімін нақтылап берді.

 

"Қазіргі кезде ережеге өзгеріс енгізіліп жатыр. Осы наурыз айының ішінде ереже қабылданады. Сәуір айынан бастап мұғалімдерді аттестаттау жұмысы басталады", - деді Каринова.

 

Айта кетейік, біліктілік санатына қарай мұғалімдерге 30-50 проценттік үстемақы төленеді.

 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 16:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30