Жаңалықтар

Мұғалімдер мен оқушылар арнайы тарифке қанша төлейді

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Қазақстанда оқушылар мен мұғалімдерге арналған "Білім" арнайы тарифі іске қосылады. Тариф бойынша айына абоненттік төлем құны – 990 теңге. Ел азаматтары оны тамыз айының екінші жартысынан бастап пайдалана алады, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

 

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкееваның айтуынша, тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізеді.

 

"Мұғалім" немесе "оқушының" қосылу шарттарын білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі пысықталып жатыр. Мұғалімдер мен оқушылардың тізімі берілуі мүмкін", - дейді Гүлнәр Бөкеева.

 

Тариф арқылы білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта министрлік 380 ресурсты қолдап отыр. Сонымен қатар байланыс операторлары абоненттерге қосымша гигабайт ұсынады.

 

Айта кетейік, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталатынын айтты.

 

Шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Ал бастауыш сыныптары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады. Бұл жағдайда балалар тек бір кабинетте және бір мұғаліммен ғана оқиды. Үзілістер әртүрлі уақытта болады. Ал сыныптағы балалардың саны 15 адамнан аспайды. Кезекші топтарға өтініштер электронды түрде қабылданады.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.08.2020, 13:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30