Жаңалықтар

Мұғалімдер мен оқушыларға арналған тариф 1 қыркүйектен бастап іске қосылады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Мұғалімдер мен оқушыларға арналған "Білім" тарифі жаңа оқу жылынан бастап іске қосылады. Бұл туралы "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Бұған дейін ұялы байланыс операторлары мұғалімдер мен оқушылар үшін арнайы тарифтік жоспар әзірлеп жатқаны туралы хабарланған болатын.

 

28 тамызда өткен онлайн баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі арнайы тарифтің қашан іске қосылатынын сұрады.

 

"Мұндай тариф шынымен де бар екенін растаймын. Жетекші ұялы байланыс операторлары "Білім" тарифін әзірледі, құны – 990 теңге. Ол жаңа оқу жылынан бастап қолжетімді болады", - деді Ілиясов.

 

Ол арнайы тарифтен kundelik.kz ресурсына мегабайт жұмсалмайтынын атап өтті.

 

Тарифтік жоспарда мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңыраулар, сондай-ақ, білім және ғылым министрлігі белгілеген отандық білім беру ресурстарына лимитсіз қосылу қарастырылған.

 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

жұма, 28.08.2020, 17:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31