Жаңалықтар

Мұғалімдер тиісті жалақысын талап етті

  • https://aikyn.kz/

    https://aikyn.kz/

Ақмола облысының Сандықтау ауданында мектеп мұғалімдері шу шығарды. Бұған дейін онлайн режимде қашықтан оқытылып келген оқушылар бірінші қаңтардан дәстүрлі түрде мектепте оқытыла бастаған. Бірақ орын саны шектелгендіктен, әрбір сынып екі топқа бөлініп оқып жатыр. Ал мұғалімдерді қинайтыны &ndash бір сыныпқа екі рет сабақ бергені үшін ешқандай жалақы төленбеуі.

 

Ұстаздар өздеріне тиісті жалақы төленбегеніне наразылық білдірді. Ал облыстық Білім басқармасы тиісті қаражаттың төлен­беуіне Сандықтау аудандық білім бөлімін кінәлап отыр.

 

Ұстаздардың айтуынша, сынып кабинеттерінің үлкендігі балалардың әрқайсысын жеке отырғызуға сәйкес келмейді. Сондықтан бүтіндей жиырма баланы бір мезетте оқыту мүмкін болмағандықтан әрбір сынып екі ауысымда оқытыла бастаған.

 

«Біз 1 қаңтардан бастап штаттық режимге ауыстырылғанбыз. Мектептегі барлық сынып екі топқа бөлінді. Сөйтіп, әрбір сынып екі ауысымда оқытылатын болды. Сыныптардың әрқайсысында жиырмадан артық бала оқиды. Ал кабинеттерге әрқайсысын жеке отырғызуға мүлдем сыймайды. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес орындауға мәжбүр болдық. Бірақ бізге Сандықтау ауданы білім бөлімі штаттық режимге көшірілген оқушыларды екі ауысымда оқытқаны үшін екі еселік жалақы қарастырылмағанын айтады. Мұндай төлемдер тек кезекші сыныптарға ғана қарастырылыпты. Сонда дәл осылай қызмет атқарып жүрген біздің кінәміз қандай?», &ndash дейді Сандықтау ауданының ұстаздары.

 

Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, оларға бір сынып екіге бөлінсе де, бұрынғыдай жалақы тағайындалыпты. Яғни, ұстаздар бір сыныпта күніне екі мәрте сабақ беруге, екі мәрте сол тақырыпты түсіндіруге мәжбүр. Ал әрбір партаға екі баладан отырғызуға санитарлық-эпидемиологиялық станса мамандары рұқсат бермеген. Ал Сандықтау аудандық білім бөлімінің маман­дары мектеп штаттық режимге кө­шірілгендіктен екі еселік төлем қарастырылмағанын мәлімдеді.

 

 «Сыныпта балалар әрбір пар­та­ға бір-бірден ғана отыруы тиіс. Бұл &ndashсанитарлық талап. Ал ол орындалмаған жағдайда айыппұл сол мектепке емес, бізге яғни білім бөліміне салынады», &ndash дейді Сандықтау ауданы білім бөлімі.

 

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.02.2021, 13:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30