Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мыңдаған оқушының көлік картасына 40 мың теңгеден аударылады

  • © Sputnik / Айгюзель Кадир

    © Sputnik / Айгюзель Кадир

Елорданың білім басқармасы тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға қаржылай көмек беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Ресми мәліметке сәйкес, биыл әрбір балаға берілетін қаржылай көмектің мөлшері 40 мың теңгеге дейін көбейген. Осы ақшаны 17 мың оқушыға беру жоспарланып отыр. Қаржылай көмек арнайы электронды жүйеге "әлеуметтік бірліктер" ретінде түседі. Оны баланың "Transcard" мектеп-көлік картасы арқылы тек мектепке қажетті заттарға ғана жұмсауға болады.

 

"City Transportation Systems" ЖШС де (бұрынғы "Астана LRT" – Sputnik) "Transcard" карталары арқылы қаржылай көмекті пайдалану тәртібін түсіндірді. 40 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға "Всеобуч Қамқор" электронды жүйесі арқылы үлестіріледі.

 

"Мұғалімдер осы жүйеге өз мектептеріндегі әлеуметтік осал топтарға жататын оқушылар туралы ақпарат енгізеді. Ал ақшалай қаражат "Всеобуч Қамқор" электронды порталында "Әлеуметтік бірліктер" түрінде аударылады. Ал "Transcard" мектеп-көлік картасы оқушыларды анықтау құралы ретінде пайдаланылады", - дейді мамандар.

 

Әр сауда орны NFC функциясы бар смартфонмен және жоба аясында жасалған қосымшамен қамтамасыз етіледі.

 

Сатушы телефон арқылы:

 

* көлік картасындағы қолжетімді ақшаны тексереді;

* оқушы таңдап алған тауардан сатып алынған заттардың тізімін жасайды;

* көлік картасын телефонға жақындатқан кезде сатушы тауар сомасын есептеп алады;

* шотта қаражат жетіспеген жағдайда сатушы жеңілдік бере алады немесе қолма-қол ақшамен/картамен қосымша төлемді ала алады.

 

Мектеп көлік карталарын жасау үшін Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайында орналасқан "City Transportation Systems" ЖШС орталық кассасына бару керек. Көмек алу үшін және мектеп көлік картасына "Әлеуметтік бірліктерді" аударуға өтініш қалдыру үшін оқу орнындағы әлеуметтік педагогке немесе 556-960, 550-179 нөмірлері арқылы хабарласу керек.

 

"Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мектеп көлік картасына transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беруге болады", - дейді компания қызметкерлері.

 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.08.2020, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31