Жаңалықтар

Нұртөре Жүсіп бастауыш сыныпқа жаңа пән енгізуді ұсынды

  • Нұртөре Жүсіп бастауыш сыныпқа жаңа пән енгізуді ұсынды

    Нұртөре Жүсіп бастауыш сыныпқа жаңа пән енгізуді ұсынды

Бұл ретте бағдарламаның мазмұны адам құқықтары мен бостандықтарының мәні мен оларды қорғау тәсілдерінен гөрі адам табиғаты туралы философиялық тұжырымдамаларды көбірек қозғайды.

Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен сенатор Нұртөре Жүсіп мектептерде бастауыш сынып оқушылары үшін адам құқықтарының негіздері туралы пән енгізуді ұсынды.
Нұртөре Жүсіптің премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалына кәмелетке толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың көбейіп бара жатқаны негіз болды.

"Жыл сайын балаларға қатысты қылмыс саны көбейіп отыр. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, биыл елімізде мұндай жағдай 8 пайызға өскен. Оған кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы фактілерді жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі де себеп болды. Жалпы 70 пайыздан астам жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды жақын, туыс адамдар жасайтыны алаңдатады", - дейді депутат.

Оның айтуынша, 2013 жылдан бастап мектеп бағдарламасына «Адам. Қоғам. Құқық» деген пән енгізілген. Дегенмен оны оқыту 9-сыныптан басталады.

"Бұл ретте бағдарламаның мазмұны адам құқықтары мен бостандықтарының мәні мен оларды қорғау тәсілдерінен гөрі, адам табиғаты туралы философиялық тұжырымдамаларды көбірек қозғайды. Ұсынылып отырған жаңашылдық практикаға бағдарланған сипатта болуға және адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері мен құралдары туралы ақпаратты да қамтуға тиіс. Бұл жағдайда осы пәнді бастауыш сыныптардан бастаса
орынды болар еді", - дейді Нұртөре Жүсіп.




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31