Жаңалықтар

Оқушылар жемқорлыққа қарсы!

  • Оқушылар жемқорлыққа қарсы!

    Оқушылар жемқорлыққа қарсы!

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның  тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында да жемқорлық мәселесінің ұмыт қалмай, ел басшысының Жолдауынан көрініс табуы мәселенің қаншалықты өзекті екенін байқатса керек.


"Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу  ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек" деп Жолдауда жемқорлықпен күрестің нақты ұсынысы да көрсетілген. осы орайда жемқорлықпен күрестің түрлі тәсілдерінің қолданылып, күрестің күшейгені қоғам талабы болып отыр. 


 




Тіпті жемқорлықпен күресті мемлекет қабырғасынан оқушылардың санасына сіңірудің маңызы зор! Осы орайда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылының №59 орта мектебінде "Ақмешіт адалдық алаңы" жобасы аясында "Адалдық-асыл қасиет" тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты сынып оқушыларына ашық сабақ өткізілді.



Ашық сабақ барысында оқушыларға өз құқықтары жөнінде және сыбайлас жемқорлықтың қоғамға қауіп төндірер іс-әрекет екендігі жөнінде мәлімет беріліп, адалдық қасиет жөнінде өз ойларымен бөлісті. Тағлымы мол тәрбие сағаттары бала көңіліне келелі ой түйгізерлік болды. Жолдауға орай үн қосып, оқушылардың құқықтық сауатын арттырып, оқушылардың санасына жемқорлықтың жолын кесуге қатысты тәрбие сағатының балаларға берері мол болғанына сенім мол! 




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 12:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31