Жаңалықтар

Оқушылардың демалысы: баламен бірге отырғаны үшін ақы төлене ме?

  • Оқушылардың демалысы: баламен бірге отырғаны үшін ақы төлене ме?

    Оқушылардың демалысы: баламен бірге отырғаны үшін ақы төлене ме?

Қазақстанда коронавирусқа байланысты мектеп оқушыларын 16 наурыздан бастап демалысқа жіберу туралы шешім қабылданды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалысқа ерте шығатын оқушылармен үйде бірге отыратын ата-анаға ақы төлеу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас мемлекеттік еңбек инсекторы Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, күні кеше министрлік тиісті ұсыныстарды әзірлеп, облыс әкімдіктеріне таратқан. Ал олар жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

"Негізі қазіргі Еңбек кодексі бойынша ақылы еңбек демалысы кестемен беріледі, я болмаса, екі жақтың келісімі бойынша кез келген уақытта алуға болады. Бұл дегеніміз, заң жағынан ешқандай кедергі жоқ", - деді Нұрғалиев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа байланысты мектеп оқушыларын 16 наурыздан бастап демалысқа жіберу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үйде балалармен бірге қалуға мәжбүр болатын ата-ананың біреуіне ақылы еңбек демалысын беру жөнінде жұмыс берушілермен жұмыс жүргізуді тапсырды.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда 6 адам коронавирусқа шалдықты. Төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда. 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сенбі, 14.03.2020, 13:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30