Жаңалықтар

Оқытушының өзі жазады: депутат плагиаттың белең алғанына алаңдады

  • Оқытушының өзі жазады: депутат плагиаттың белең алғанына алаңдады

    Оқытушының өзі жазады: депутат плагиаттың белең алғанына алаңдады

Білім және ғылым вице-министрі Қазақстанда 20 мыңға тарта ғылыми қызметкер болғанымен, жыл сайын тек 200 жұмыс қана түсетінін айтады. 

Сенат депутаты Сәуле Айтпаева жоғары оқу орындарындағы плагиат мәселесін көтерді. Сенатордың айтуынша, қазір интернеттен докторлық және кандидаттық диссертацияларды оп-оңай сатып алуға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтпаеваның айтуынша, Google-де "Қазақстанда докторлық, кандидаттық диссертацияны сатып алу" деген сауалға 46 секунд ішінде 303 мыңға жуық іздеу нәтижесі шығады. Тіпті, сайттардың бірі уақыт жоғалтпай, өзіңізге қажет жұмысты бірден сатып алуды ұсынады.

"Ол жерде ғылыми жұмыстың кезеңдері, бағасы, жоғары білікті мамандар &ndash кадидаттар мен ғылым докторлары жазатыны көрсетілген. Ал олар үшін тапсырыспен кандидаттық диссертация жазу кезекті бір тапсырманы орындау ғана", &ndash дейді депутат.
Сенатор ғылыми жұмыстарды ұрлау жиілеп кеткенін, диссертациялар плагиаттыққа тексерілмейтінін атап өтті.

"Студенттер мен магистранттардың өзі: "плагиат жасау оңай, өзің ұсынған бір бетті тексереді, ал қалғаны өтіп кетеді", "магистрлік жұмысты тапсыру оңай болды, бәрі тамаша өтті, диссертацияны өзім тапсырған оқытушы жазып берді" деп жазап жатады", &ndash дейді Айтпаева.

Депутаттың айтуынша, интернетте Қазақстанның ғылымы, оның жетістіктері, отандық ғалымдар, республикада жүргізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы мақала жоқтың қасы.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова министрлік бұл жағдайдан хабардар екенін және үнемі бақылап отырғанын айтты.

"Біз ғылыми ұйымдарға, зерттеу нәтижелеріне талаптарды күшейту үшін жыл сайын нормативтік-құқықтық актілер қабылдаймыз. Плагиаттың жолын кесу үшін Бас прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр мемлекеттік мекемелерде бірыңғай антиплагиат жүйесі орнатылды. Аталған проблеманы жою үшін бұл практиканы одан әрі жалғастырамыз", &ndash деп сендірді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда диссертация қорғау талаптары күшейтіледі

Бұл ретте Қаринова қазақстандық ғалымдардың өздері ғылыми жұмыстарды аз ұсынатынын айтты. Республикада 20 мыңға тарта ғылыми қызметкер бар, бірақ жыл сайын тек 200 жұмыс қана түседі.

sputnik.kz




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 16:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30