Жаңалықтар

Өскеменде бесінші сынып оқушысы сабақ уақытында өз-өзіне қол жұмсамақ болған

  • Өскеменде бесінші сынып оқушысы сабақ уақытында өз-өзіне қол жұмсамақ болған

    Өскеменде бесінші сынып оқушысы сабақ уақытында өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Өскеменде бесінші сынып оқушысы сабақ уақытында терезеден секірмек болған. Жеткіншектің анасы қазіргі уақытта ұлын осы әрекетке итермелегендердің жазаланбағанын айтып, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды YK-news.kz сайты.

Өңірлік тілшінің айтуынша, қазіргі уақытта істің қалай басталғанын анықтау мүмкіндігі жоғалған. Себебі, әр адам істің қалай орын алғанын әр түрлі түсіндіре бастаған.


Қоңырау уақытында бесінші сынып оқушылары Роман мен Миша сөзге келіп қалған. Содан кейін оқушылар орыс тілі сабағына кіріп кеткен.


Алайда болған оқиғаны Миша есінен шығарғанымен, Роман текетіресті ұмыта қоймаған.


Орыс тілі сабағының соңында Тимур Романнан (ред: кейіпкер) қолындағы парағын ұстазға өткізе салуын сұраған. Тимурдың екі рет айтқан өтінішіне Роман жауап қайтармапты. Содан-соң Тимур өз жұмысын мұғалімге өзі тапсырып, орнына келе жатқан сәтте Романға "Сен не, ақымақсың ба" деп тиіседі.

Осы сөзден соң Роман орнына атып тұрып, терезенің жақтауына шығып алады. Кейін терезеден секіретінін айтады.


Бұл оқиғадан қорқып кеткен ұстаз, Романда орнына қайта отыруға әрең көндірген.


Мектепте бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жиналыс ұйымдастырылып, Романның анасын шақыртқан. Істі тексеру барысында мектеп ұжымы жеткіншектің бұл алғашқы өрескел қылығы емес екенін айтқан.


"Роман біздің мектепте бірінші сыныптан бастап оқиды. Ол нашар оқитын оқушылар қатарында. Бірақ еркелегенін, бұзықтық жасағанын көрмегенбіз. Оның мәселесі басқада. Алғашқыда оған сыныптың барлығы бір кісідей қараған. Алайда ол әр ойында бәрінің өз дегеніне бағынғанын қалаған. Дегені болмаса жылап, ренжуді әдет қылған. Романның бұл қылығы өзге балаларға ұнамағаны анық. Осыдан кейін оқушылар Романмен көп араласпайтын болған. Бірақ балаларға Романның ерекшелігі жайлы айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.

Сондай-ақ Романның невропатологтың тізімінде тұратынын білеміз. Бірақ анасы Романның дерті жайлы ауыз ашып айтпады. Бастауыш сыныпта Романға барлығы қамқор болатын. Ал бесінші сыныпқа келгенде жағдай өзгерді. Ұстаздары ауысты. Бір рет тест уақытында Роман сыныптан қашып кетіп, оны әрең тауып әкелді", - дейді мектеп директоры.


Сонымен қатар мектеп психологы, баланың әңгіме уақытында үнемі көзін ала қашатынын айтты.


"Мен ол баламен сөйлескенде, көзіме қарамауға тырысады. Содан кейін өз қолын өзі шымши бастады. Оның бұл ісін тоқтату үшін қолынан ұстап отыруға тура келді", - дейді мектеп психологы.

Ал бесінші сынып оқушысының анасы бұл іске кім кінәлі екенін іздеуде. Әйел ішкі істер департаментіне арыз жазған. Кейін өңірлік басылымға хабарласқан.


"Мектепте өтірік айтады. Менің баламды қол жұмсауға дейін жеткізген балаларды жасырып отыр. Мектеп директоры ешқандай шара қолданбаған. Мен арыз жазбайынша, қалада бұл іс туралы ешкім естімеген. Ұлым екі аптадан бері психоневрологиялық клиникада жүйкесінің бұзылуына байланысты емделді. Қазір оның жағдайы аздап жақсарды. Енді прокуратураға арыз беремін", - деді жеткіншектің анасы.

Ал мектеп ұжымының айтуынша, Романның мәселесі мектепте емес, отбасында. Өйткені, жеткіншектің жақында өгей әкесі пайда болған.


Психолог маман Романның анасына ұлына көп көңіл бөліп, оны қалай жақсы көретінін көрсету керектігін айтқан. Тіпті "Отбасы мен балаларды қолдау орталығының" көмегіне жүгінуге де кеңес берген. Алайда жеткіншектің анасы әзірге ол орталықтың көмегіне жүгінбегені анықталды. 




Көрілген: 1078    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.12.2018, 20:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31