Жаңалықтар

Президент кейбір студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерікті студенттердің шәкіртақысын шамамен 30 процентке көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Назарбаев ерікті іспен айналысу жастардың еңбек нарығына тез бейімделіп, өз-өзін жетілдіруіне септігін тигізетінін атап өтті.


"Халықаралық бағалау бойынша, әлемнің ірі 300 компаниясының қызметкерлерінің үштен бірі апта сайын жұмыс күнінің бір сағатын ерікті іске жұмсайды екен. Ал біз бұл туралы ойлаған да жоқпыз. Мұнымен арнайы жұмыс істеу керек", — деді президент.


Осы орайда Назарбаев үкіметке тапсырма берді.


"Үкімет ерікті іспен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысын көбейту бойынша жұмыс істеуі керек. Шамамен 30 процентке. Бұл студенттер үшін әжептәуір көмек және халыққа да пайдалы", — деді Елбасы.


Сондай-ақ, мемлекет басшысы жоғары білімнің қолжетімділігіне де тоқталды.


"Тәуелсіздік жылдарында елімізде 2,8 миллион жоғары білімді маман даярланған. Егер 1991 жылы жоғары білімі бар адамдардың саны 42 мың болса, 2018 жылы – 151 мың адам. Айырмашылығын көріп отырсыздар ма? Бірақ жоғары білім алу дипломды қалтаға салу емес. Сапалы білім болуы керек. Әйтпесе, мұндай дипломның ешкімге керегі жоқ. Әсіресе, жұмысқа орналасқанда, бір айдан кейін сенің кім екенің көрініп тұрады", — дейді президент.


 




Көрілген: 802    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.01.2019, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31