Жаңалықтар

Сенбілік жасамасаңыз жұмысыңызға қауіп төнуі мүмкін - Айман Сағидулла

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Танымал педагог Айман Сағидулла Facebook парақшасында мұғалімдердің сенбілікке шығуына қатысты пікір білдірді. Оның жазуынша, мұғалім сенбілікке шықпаса жұмысына қауіп төнуі мүмкін деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

 

Желі қолданушысы бұл постын әжуа стилінде жазған. 

 

- Біреуге жан қайғы ,біреуге сенбілік қайғы.

Сенбілік туралы әр күні жазамыз. Оқымай ма?  Сұраққа елдің алдында жауап берейін. Керек болар басқаларға да. 

Сенбілік мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі. Сенбілік жасамасаңыз жұмысыңызға қауіп төнуі мүмкін.

Сенбілік заңда жазылған. Дипломыңызды ашып көріңіз. Екінші бетінің соңғы жағында "Сенбілікшіл-мұғалім" деген жазу тұр.

Сенбілікке қандай жұмыстар кіреді?  

 

1. Трассалардың қоқысын жинау.

2. Мектептің ауласын жинау.

3. Директордың кабинетін жинау.

4. Әкімнің үйінің ауласын тазалау. (Аудан, ауыл әкімдерінің)

5. Білім бөлімінің басшысының кабинетін жинау. 

Осы жұмыстардың бәрі сенбілікке кіреді. 

Сәттілік! Жалақы алып отырсыздар ма, жұмыс істеңіздер!  Уот так. 

6 жыл бойы сенбілік туралы айтып жүрміз, айтып жүрміз. Әлі өз міндеттеріңізді үйренбей, сұрақ қойып отырсыздар.  Дипломды ашып көріңіздерші. Сол жерде мамандығыңыз жазылған, - деп жазды Айман Сағидулла.

 

 




Көрілген: 1092    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 20:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31