Жаңалықтар

Шағын жинақталған мектеп педагогтеріне еңбекақы төлеу жүйесі өзгертіледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шағын жинақталған мектеп педагогтеріне еңбекақы төлеу жүйесі өзгертіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды мәселе - қалалық және ауылдық мектеп арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту. PISA деректері бойынша қазіргі уақытта алшақтық 1,5 жылды құрайды. Бұл алшақтықты қысқарту үшін кешенді шаралар қабылданды. Ең бастысы білікті педагогтермен қамтамасыз ету үшін шағын жинақталған мектеп педагогтеріне еңбекақы төлеу жүйесі өзгертіледі және ауылдық мектептерді оқу материалдарымен, компьютерлік жабдықтармен және цифрлық техникамен, цифрлық ресурстармен толығымен қамтитын боламыз. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 150 млрд теңге арнайы қарастырылып отыр», - деді 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын таныстырған Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, әлемдік тәжірибеге сәйкес білім сапасын арттыруда бақылаудың орны ерекше. Енді сыртқы бақылау тек қана кемшілікті табу емес, оның алдын алу және жою үшін әдістемелік көмек беруге бағытталатын болады.

«Осы тұста бақылаудың жаңартылған жаңа жүйесін енгіземіз. Университетерге, колледждерге қойылатын талаптарды күшейтеміз деп тиісті нормативтік-құқықтық құжаттарды қабылдаймыз», - деді ол.

 




Көрілген: 925    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.12.2019, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29