Жаңалықтар

Шетелдік студенттер Алматының көрікті жерлеріне онлайн саяхат жасады

  • Онлайн саяхат

    Онлайн саяхат

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде «Алматы қаласының тарихы. Алматының көрікті жерлері» атты тақырыпта онлайн түрінде іс-шара өтті. 

 

 

Бұл онлайн іс-шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден қашықтықтан білім алып жатқан студенттер қатысты.

 

 

Шетелдік студенттер барлық ұлттардың қызығушылығын біріктіретін Алматының бүгінгі көрінісі, мәдени-саяси жүйесінің маңыздылығы туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, әр қаланың өз тарихы мен өз тағдыры болатынын, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін түсінетіні жайлы өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады.

 

 

Одан кейін шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А.К. Ахмедова сөз алып, баяндамасымен таныстырды. Ол Алматы - Алатау баурайының етегінде орналасқан әсем қала - өркен жайған өнер, көркем мәдениет пен өрелі өркениеттің ордасы екенін, алып шаһарда қазір 2 миллионға жуық халық тұратынын, еліміздің мәдени ошағы екенін айтып өтті.

 

 

Осы кафедраның аға оқытушысы А.С. Қазмағамбетова өз сөзінде Алматы &ndash егемен Қазақстанның қазіргі заман тарихы қаланған қала екенін, Алматыда 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданғанын, 1993 жылы қаланың тарихи атауы &ndash Алматы ресми түрде қалпына келтірілгенін, бас қала Астанаға ауысқан соң, Алматыға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін, бүгінгі күні Алматы Қазақстанның мәдени, ғылыми, қаржылық-экономикалық және саяси өмірінің орталығы болып қала беретінін атап айтты.
Шетелдік студенттер «Алматыға 1000 жыл» атты бейне таспаны және «Менің қалам. Алматыны аралау», «Алматының көрікті жерлері» тақырыптарындағы слайд-альбомдарды тамашалап, Алматы туралы Алтынбек Қоразбаев ағамыздың «Сағындым Алматымды» және опера әншісі және композитор Күміс Базарбаеваның «Алматы» әндеріне түсірілген бейне түсірілімдерді тамашалай отырып, Алматы қаласының мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, Алматыны жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы &ndash шетелдік студенттер Алматыда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды.
«Алматы қаласының тарихы. Алматының көрікті жерлері» - атты іс-шара ғылыми-рухани тұрғыда шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен мәдени диалог түрінде жоғары деңгейде онлайн форматта өтті.

 

 

 

А.Е. Саденова., А.С. Қазмағамбетова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы 




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 17:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31