Жаңалықтар

ШҚО-да 9 мектеп апаттық жағдайда тұр

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

ШҚО аумағында 647 мектеп бар. Оның ішінде: 154 қалалық және 493 ауылдық мектеп. Өңір бойынша білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайын тексеру барысында апаттық жағдайдағы 9 және үш ауысыммен оқытуға көшу қаупі бар 2 мектеп анықталды.

 

Облыстық Білім саласын бақылау департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, облыстың 52 мектебінде, яғни 8 пайызында тамақтану объектілері жоқ. Өйткені ол мектептер асхана немесе буфет үшін орын қарастырылмаған ғимараттарда орналасқан.

 

- Қазіргі уақытта осы мәселені шешу бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Нақты айтқанда, апатты деп танылған мектептердің орнына жаңа құрылыс басталмақ, - дейді облыстық Білім саласын бақылау департаментінің басшысы Зейнеп Әбдіжүсіпқызы.

- Облыста 647 мектептің 223-і ғана, яғни 34,5 пайызы тек жылы ішкі әжетханаларды пайдаланса, 405-і (62,7%) жылы және аула әжетханаларын пайдаланады. 409 мектеп (63,3%) орталық сумен жабдықталған, ұңғымалар 207 (32%) мектепте жүргізілген, 31 (4,7%) мектепте су тасымалдау ұйымдастырылады.

 

79 мектепте, яғни 12,2 пайызында спорт залы жоқ, 540 білім беру ұйымдарында, (83,4%) мектеп жиһазы ескірген, жаңартуды талап етеді. 615 мектепте, яғни 95 пайызында кітапхана бар.

 

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептерде дабыл түймелері мен турникеттер орнату басталыпты.

 

- Облыстың барлық мектебінде жаңа модификациядағы бір робототехника кабинеті бар, барлық мектептер компьютермен қамтамасыз етілген. Орташа алғанда, бір оқушыға үш компьютерден келеді. Интернет жылдамдығы барлық ауылдық мектептерде төмен (4 мб/ с төмен). 10 ауылдық мектепте интернет жоқ. 55,3 % мектепте пән кабинеттері ескірген, жаңартуды талап етеді. Ал мектептердің 18,5%-ында химия, биология, физика пәндері бойынша оқу бағдарламасының практикалық бөлігін орындауға арналған жабдық жоқ, 352 мектепте, яғни 54 пайызында ішінара (тек физика, не тек химия және биология зертханалары) бар, - дейді департамент басшысы.

 

 

 

altaynews.kz




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 22:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31