Жаңалықтар

Студенттердің кәсіби практикасы еңбек өтіліне есептеледі

  • Студенттердің кәсіби практикасы еңбек өтіліне есептеледі

    Студенттердің кәсіби практикасы еңбек өтіліне есептеледі

Дуалды білім беру аясында Қазақстандық студенттердің кәсіби тәжірибесі еңбек өтіліне саналады, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

"Білім туралы Заңға өзгерістер енгізілді. Онда дуалды оқыту туралы шарт енді жұмыс өтілін растайтын құжаттар тізбесіне кіретіні көрсетілген. Қазір министрлік бұйрықтарға, дуалды оқытуды ұйымдастыру ережелеріне және дуалды оқыту туралы үлгілік шарттарға өзгерістер енгізіп жатыр", - деп мәлімдеді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті басқармасының басшысы Қаламқас Алғазинова.

535 колледж дуалды білім беру жүйесіне көшті. 5 мыңнан астам кәсіпорынмен келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта 58 мың 600 студент жұмыспен қамтылған.

Дуалды білім беру кезінде студент алдымен колледжде теориялық білім алып, кейін білімін жұмыс орнында практикада қолданады. Әр студентке тәлімгер тағайындалады. Ол мамандықтың қыр-сырын үйретуі қажет. Егер студент өзін жақсы көрсетсе, оны ресми түрде жұмысқа алады. Шәкіртақы сақталады.

"Студенттің еңбегі төленеді. Сондай-ақ, біз кәсіпорындағы жетекшілерге төлемақы төлейміз. Дуалды оқыту жүйесінің 60 пайыз оқудан және 40 пайыз кәсіпорында тәжірибе алудан тұрады. Білім беру жүйесіне бұл өте үлкен көмек, өйткені бала мамандық бойынша кәсіпорында тәжірибеден өтеді, оқиды, өндірістік үдерісті сезінеді", - деп атап өтті Менеджмент және бизнес колледжі директорының орынбасары Раушан Бектұрсынова.




Көрілген: 291    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30