Студенттердің стипендиясы екі есеге көбейетін болды

09 тамыз 2022, 12:37

Бұл туралы  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты. 

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен халықаралық беделін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Жоғары білімге қатысты негізгі бағыттары - Халықаралық аккредиттеуден өткен жаһандық білім беру бағдарламаларын іске асыруға қол жеткізіледі, шетелдік әріптестермен академиялық алмасулар кеңейтіледі. 2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалы жұмыс істейді, - деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, 2021-2022 оқу жылына контингенттің жалпы саны 623 839 адамды құрады.

Барлығы – 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы – 68,9%-ды құрайды. Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 36 мың адам. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды.  Сондай-ақ студенттердің стипендиясы да артып келеді. Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады, - деді ол.

sn.kz