Жаңалықтар

Сыбайластық әрекет анықталмады: Елорда әкімдігі білім басқармасы басшысының қаржы жымқырғанын жоққа шығарды

  • Сыбайластық әрекет анықталмады: Елорда әкімдігі білім басқармасы басшысының қаржы жымқырғанын жоққа шығарды

    Сыбайластық әрекет анықталмады: Елорда әкімдігі білім басқармасы басшысының қаржы жымқырғанын жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасарына тағылған сыбайлас жемқорлық айыптауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Шоғанбай жұмыс орнында.  Иә, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелді. Алайда ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 15 наурыздағы аудиторлық есебі бойынша компьютерлер мен ноутбуктардың баға түзіліміне қатысты заң бұзушылық, сондай-ақ сыбайластық әрекет те анықталмады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева. 

 
Еске сала кетсек, осыған дейін желіде білім басқармасы басшыларының жемқорлық әрекеттеріне қатысты сот алды тергеу шаралары жүріп жатыр деген ақпарат тараған болатын. 

Ал күні кеше ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов оқиғаны растап, тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты.  




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 10:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31