Жаңалықтар

Тәрбиешілер мен мұғалімдер жалақысына үстемеақы қосылады – Аймағамбетов

  • Тәрбиешілер мен мұғалімдер жалақысына үстемеақы қосылады – Аймағамбетов

    Тәрбиешілер мен мұғалімдер жалақысына үстемеақы қосылады – Аймағамбетов

 Биыл қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілері мен колледж педагогтерінің жалақысына 30 бен 50 пайыздың аралығында үстемақы қосылады. Мұндай жаңалықпен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бөлісті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Еліміздің бас ұстазының сөзінше, қосымша қаржы қосылу үшін олар арнайы аттестациядан өтеді. Мектепке дейінгі және кейінгі мекеме тәлімгерлерінен бөлек, орта білім жүйесіндегі ұстаздарды қосқанда жалпы саны 100 мың мұғалім өз білімін арнайы тест кезінде дәлелдеуі тиіс.

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында биылғы қыркүйек айынан бастап әріптестерімізге үстемеақы алу мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін жаз айында тестілеуді, жалпы аттестаттау рәсімін өткізіп алуымыз керек. Болжам бойынша 100 мыңдаған әріптесіміз осы тестілеуге қатысады деп отырмыз. Әрине, біреуі өтеді, біреуі өте алмайды. Қалай десек те, біз ондай мүмкіндікті беруіміз керек. Қыркүйектен бастап аттестаттаудан өткен әріптестеріміз үстемеақы алуы тиіс», – деді Білім және ғылым минситрі Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов балабақша мен колледж директорлары мен олардың орынбасарлары да аттестациядан өтетінін айтты. Жақсы нәтиже көрсеткендердің жалақыларына 30-дан 100 пайызға дейін үстемақы қосылады. Ал, қыркүйекте басталатын шара елдегі эпедимиялогиялық жағдайға байланысты бірнеше жетіге емес, үш айға созылады деп күтілуде.

Еуразия бірінші арнасы




Көрілген: 1200    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 10:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30