Жаңалықтар

Тест жауаптарын сатып алмақ болған медуниверситет студенттері оқудан қуылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің бірқатар студенттері академиялық әділдік қағидаттарын бұзғаны үшін оқудан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Студенттер тест сауалдарының дұрыс жауаптарын сатып алмақ болған.


«Академиялық адалдық қағидаттары студенттердің ар-ұят кодексінде толық көрсетілген. Бұл - оқыту бағдарламалары, білім деңгейін бағалау жүйесі, емтихандарға қойылатын талаптар және мінез-құлық ережесі. Академиялық адалдық қосымшасында ереже бұзғандарға тағайындалатын жаза мен тәртіптік шаралар көрсетілген», - деді баспасөз қызметінен.


Бұл құқықбұзушылықтар биылғы оқу жылының күзгі семестрінде, қысқы емтихан сессиясы кезінде анықталған.


«Стоматология және жалпы медицина факультетінің 9 студенті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасуша биологиясы, биофизика сабақтарынан тест жауаптарын сатып алу үшін ақша жинауға белсенді қатысқан», - деді ЖОО баспасөз қызметінен.


Айта кету керек, ҚазҰМУ қауіпсіздік бөлімі аталмыш деректер бойынша егжей-тегжейлі тексеру жұмыстарын жүргізген.


 




Көрілген: 969    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.02.2019, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31