Жаңалықтар

Тіл – татулық тірегі

  • www.facebook.com

    www.facebook.com

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (kaznu.kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне арналған шетелдік студенттерге «Тіл – татулық тірегі» тақырыбына арқау болған дөңгелек үстел өткізді.


Дөңгелек үстел басына кафедра оқытушылары мен дүние жүзінен келген, осы кафедрада білім алып жүрген шетелдік студенттер жиналды.


Дөңгелек үстел жұмысында модератор міндетін атқарған оқытушы Т.В. Курманова дөңгелек үстел басына жиналған қауымды «5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күнімен» құттықтап, қазақ тілі жайында ой-толғамдарын жеткізе, келелі ойларымен бөлісті. Ол өз баяндамасында жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстан халқы тілдері күні ҚР Үкіметі қаулысымен биылдан бастап 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілгенін, себебі, 5 қыркүйек – қазақ тілінің білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы, Ахмет Байтұрсынұлының туған күні екендігін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан елінде түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүретінін, олардың әрқайсысының ана тілінің басқа халықтар тіліне қатысты тағдыры бар екенін, тіл арқылы адамдар бір-бірін танып біле алатынын және кез-келген халықтың рухани мәдениетімен, дәстүрлерімен, салттарымен танысу үшін де тілге жүгінетінін, бұл мереке елімізде 5 қыркүйек күні тойланатынын атап өтіп, жастарды пікірлесуге шақырды.


Дөңгелек үстелде ары қарай сөз алған оқытушы М. Азнабакиева «Қазақ тілі пәнінің» оқытылу барысы, қазіргі уақытта мемлекеттік тілді кәсіби тұрғыда меңгертудің өзектілігі жайлы сөз етіп, Ана тілімізді қадірлеу баршамызға парыз болып саналатынын жеткізді.


Аталмыш шара қазақ тілінің бүгіні мен болашағы және әр тілдің бірегейлігі мен өзгешілігін ашуға бағытталды. Дөңгелек үстелде мемлекеттік тіл туралы оралымды ой тасталып, тұшымды пікірлер айтылды.


Дөңгелек үстел барысында шетелдік студенттер бейнетаспа арқылы Қазақстан Республикасында тұратын әр түрлі ұлттардың мәдениетімен таныса отырып, Қазақстанды жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы – шетелдік студенттер Қазақстанда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды. Сонымен қатар, студенттер Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі жөнінде көптеген сұрақтар қойды.


«Тіл – татулық тірегі» атты мемлекеттік тіл мерекесіне арналған дөңгелек үстел мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.


А.Е. Саденова, М.А. Азнабакиева.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы

кафедрасының оқытушылары


 


 


 


 


 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.09.2019, 18:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31