Жаңалықтар

Тоғыз мектеп карантинге жабылды

  • Тоғыз мектеп карантинге жабылды

    Тоғыз мектеп карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында тоғыз мектеп карантинге жабылды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 8 ақпаннан бері 7 оқушы мен 6 мұғалімнен коронавирус табылды. Соған байланысты қалада 4, аудандарда 5 мектеп карантинге жабылды.

Сондай-ақ Оралда балабақша тәрбиешісінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұнда сол топқа карантин қойылды. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 8 ақпанда күшіне енген қаулысына сәйкес оқушылар немесе қызметкерлер арасынан бір адамнан коронавирус тіркелген кезде сол мектеп түгел инкубациялық кезең аяқталғанға дейін, яғни 14 күнге карантинге жабылады. Оған дейін індет шыққан сынып қана карантинге жабылатын.

Өңірде эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. 8 ақпан күні 51 адамнан індет анықталып, азайғанымен, 9-ында 84, 10-ында 87 жағдай тіркелді.




Көрілген: 417    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 16:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30