Жаңалықтар

Төсекте емес, компьютер алдында ұйықтайтын мұғалім әйел еркекке қажет пе...

  • Pxhere

    Pxhere

Семейлік ұстаз Лаура Файзуллина мұғалімдердің күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғанын айтып, әлеуметтік желіде арызданды. Мектептегі қағазбастылықтың кесірінен мұғалім «отбасым ойран бола ма?» деген қорқынышы барын жеткізді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Компьютерімнің алдында ұйықтаған күндерім өтіп жатыр. Ал енді ойлаңызшы, осындай жар кімге керек? Кім ұнатады? Әрине, мұғалімдер арасында айырылысу белең алуда. Өз басым балаларыма ұстаз болуды, оның ішінде мектепте істеуге кеңес бермеймін, — дейді Лаура Файзуллина.

 

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

 

Ол қашықтан оқу кезінде тренерлермен жұмыс кезінде бастан өткерген қиындықтарын айтып берді. Тренердің тапсырмаларын тыңғылықты орындауға мектептегі басы артық жүктемелер кедергі болған.

 

"Денсаулықты ойлап жүрген біз жоқ. Екінің бірінің қысымы жоғары. Өз басым гипертоникпін. Яғни мен сияқтылар ұстаздар арасында жиі кездеседі. Осының бәрі ішіме жиналып, мұңымды бір тарқатып алғаным бұл. Білім министрі "мұғалімде тек бес қана құжат болу керек" деген еді. Ал бізге жүктелген құжаттар мен министрдің құжаттары сәйкес келмейді. Көкейіме неге осындай келеңсіздіктерге жол береді екен деген сауал келеді", — дейді ұстаз.

 

Бишара халге түскен ұстаздың үнін бәлкім жоғарылар тыңдар деген үмітпен жаздым. Бір кем дүние, сірә, осы болар деп өзіңді жұбатумен өткен өмірім. Ұстаздар үнін кім тыңдар? Жалпы, бізді тыңдар Алаштың азаматтары бар ма деген ойда қалады екенсің, — деп күрсінеді Лаура Файзуллина.

 

Pixabay

 

Басқа мұғалімдер бұл пікірді толық қолдап отыр. Олар қағазбастылыққа тоқтам салу қажет екенін айтады.

 

Өте дұрыс жазылған. Мұғалімнің үні. Қағазбастылық өте көп, сабағың жайымен қалады. Сол есептердің текке қажеті жоқ. Білім министрді ешкім тыңдап жатқан жоқ. Саны бар, сапасы жоқ есептер, — дейді Арай Ысқақбекова атты мұғалім.

 

Сондай-ақ Лаура Файзуллина мұғалімдерге жүктелетін міндеттердің тізімін жариялаған:

 

1. Күнделікті сабақ жоспары. Әр сабаққа 2-3 беттен кем емес. Күніне 4 немесе 5 сабаққа дайындауы тиіс.

 

2. Бөлім бойынша жиынтық бағалау. Содан кейін әр баланың тапсырмасына жоқ дегенде 5 немесе 6 сөйлеммен кері байланыс жазу. Қорытынды сараптамасы тағы бар.

 

3. Тоқсандық жиынтық бағалау.

 

4. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Бұған жылдық жоспар, тізім, әр сабағына жоспар.

 

5. Үлгерімі жоғары оқушылармен жұмыс. Бұған жаңағы үлгерімі төмен оқушылардағы жұмыста атқарылған үрдістің бәрі кіреді.

 

6. Пән апталықтары. Әр апта сайын түрленіп келетін саны көп, сапасы жоқ апталықтар. Оларды өткізу үшін жоспар және оған қорытынды сараптама.

 

7. Электрондық журнал. Бұның жұмысы шаш етектен.

 

8. Сынып жетекшілік міндеттері. (сынып тізімі, әлеуметтік картасы, тәрбиенің жылдық жоспары, жолда жүру жоспары, құқық жоспары, ұлдармен жұмыс жоспары, күнделік тексеру, қыздармен жұмыс жоспары, апта сайын өткізетін тәрбие сағаты, мерекелік шаралар, сыныптан тыс шаралар, тағысын тағылар).

 

9. ОЖСБ. Жоспар мен қорытынды сараптамасы. Әр пәнге 34 сағаттан тұратын жоспар. Әр сағатқа жоспар.

 

10. ҰБТ. Министр мұғалімнің міндетінен алып тастаса да, білім бөлімі сұрап тұратын қорытындылар.

 

11. ПИЗА.

 

12. " Олқылықты толтыру жоспары". Мұнда да сол жоспар, сол анықтама.

 

13. "PIRLS". Жоспар, қорытынды.

 

14. Сансыз ЖОБАЛАР. Мысалы: Оқуға құштарлық т.б.

 

15. Және басқа да жүктемелер.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1814    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.11.2021, 21:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31