Жаңалықтар

Түркістана не үшін мұғалімдерден ақша жиналып жатыр? (видео)

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Zulpiya Torebekova деген аккаунт иесі facebook парақшасына Түркістан облысында мұғалімдерден ақша жинап отырған әйелдің видеосын жариялады, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.


Виде астына ол: «Төле би ауданы. Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің мұғалімдерін мәжбүрлеп ақша жию сәті түсірілген», - деп анықтама берген.


Мұғалімдердің бірі сыныпта жасырын түсіріп тұрған видеода бір белсенді әйел оларды жинап алып, әрқайсысынан ақша талап етіп отыр. Алдында - ақша беруі тиіс әріптестерінің тізімі, қолында әжептәуір жиналып қалған 500, 1000, 2000 теңгелік қаржы бар.


«Беремін, беремін... 5 мың ба?» - дейді бір мұғалім, шыр-пыр болып. Құдды, еркінен тыс алып отырғандай. Одан кейін «Өнер апайға да беруім керек», - деп еді, ақша жинаушы: «Қазір Өнер апайға да айтам, көтерсін», - деп қысқа қайырды. Оның ақшаны не үшін бүйтіп белсене жинап отырғаны әзірге белгісіз.


Еске сала кетсек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің өзі мұғалімдерден ақша жинауға ешкімнің хақысы жоқ екендігін үнемі ескертумен келеді. Жалпы, ұстаздардың құқығына әр нәрсені сылтауратып қол сұқпау керектігін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері де айтуда. Егер осындай мәселелерге қатысты шағымы болса, оны кез келген азамат сыбайлас жемқорлық деректері бойынша агенттікте жұмыс істейтін 1424 Кол-орталығына хабарласып айтуына болады.


Видео:  www.facebook.com/zulpiya.torebekova.33/videos/141271560506265/ 


 




Көрілген: 1362    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 12:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31