Жаңалықтар

Түркістанда жаңа білім ордасы бой көтерді

  • Түркістанда жаңа білім ордасы бой көтерді

    Түркістанда жаңа білім ордасы бой көтерді

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Халықаралық туризм және меймандостық университетінің салтанатты ашылуы өтті. Университет Орталық Азияның ежелгі тарихи қалаларының бірі - үлкен туристік әлеуетке ие Түркістанда орналасқан. Университеттің ашылуы online-форматта өтті.

Ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Ө.Шүкеев, Өзбекстанның Премьер-Министрінің орынбасары - «Жібек жолы» Халықаралық туризм университетінің ректоры (Самарқанд қ.) А.Абдухакимов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі В.Самек, және университет ректоры М.Мурзамадиева құттықтау сөз сөйледі. Шақырылған спикерлер университеттің дамуына, халықаралық ынтымақтастық саласында қолдау көрсетуге уәде берді.

Жаңа университет Қазақстан Республикасында туристік қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды.

Туризм және қонақжайлылық саласындағы мамандарды даярлау үшін халықаралық деңгейдегі Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған университетті ашудың маңыздылығын атап өткен жөн.

Оның түлектері халықаралық стандарттың қос дипломын - қазақстандық және шетелдік серіктес университеттен алуға мүмкіндік алады. Бірлескен білім беру бағдарламалары туристік бизнестің нақты қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді және «3 + 1» схемасы бойынша ең жақсы халықаралық тәжірибеге негізделген. Оқытушылар құрамына қазақстандық және шетелдік профессорлар пулы, туризм және сервис саласындағы жетекші компаниялардың топ-менеджерлері кіреді.

Атап айтқанда, университетте Халықтар достығы университетінің (Ресей), Жібек жолы университетінің (Өзбекстан), сондай-ақ Түркия, Грузия, Швейцария университеттерін профессорларын тарту туралы келісімшарттары бар. Мұның бәрі университет студенттеріне жоғары деңгейдегі теориялық білім алуға және оны шетелдік тәжірибеден өтуге, соның ішінде БҰҰ Дүниежүзілік Туризм Ұйымында (UNWTO) қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің баспасөз қызметі 




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.09.2020, 16:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31