Түркістандық қария мектепке 2170 кітап сыйлады

20 желтоқсан 2021, 22:55

85 жастағы Жақсыбек Бейсенов «Тәуелсіздіктің 30 жылына 30 кітап» акциясы аясында шаһардағы жаңадан ашылған №28 мектепке өмір бойы жинаған бай қазынасын тарту етті.

 

Мұндай жомарттықты күтпеген мектептің басшылығы «Жақсыбек атамыздың бірден мұнша кітапты сыйға тартуы ғажап құбылыс болды. Өмірден көрген-түйгені көп ақсақал бір-ақ күнде төбемізден інжу-маржан құйғандай әсерге бөледі» дейді ағынан жарылып.

 

Жақсыбек Бейсенов, қала тұрғыны:

 

- Биылғы қыркүйектен бастап, барлық жерде мектепке кітап сыйлау туралы әңгіме жүріп жатыр. Сосын осы мектепке сыйладым, айналайын. Жастар кітапты оқу үшін алдымен телефон мен компьютерді шектеу керек. Сөйтіп, барып осы кітапқа бетбұрыс жасауы керек. Өмірдің нәрі, балалардың өсуіне осы кітап, ақыл-ойың өсу үшін қалай да кітап оқу керек балалар.

 

Ләззат Нысанқұлова, №28 мектеп-лицейінің директоры:

 

- Атамыздың өзіндік екі қасиеті бар екен. Кітапқұмарлық пен бірге шахмат ойын ойнау. Соған байланысты бізде осы кісіге арнап, үлкен шахмат қойылған. Сол жерде осы атаның қатысуымен турнир өткізіледі. Біз мектебіміздегі кітапхананы сол кісінің атына бергелі отырмыз.

 

 

 

24.kz