Жаңалықтар

ҰБТ: Түлектер үшін қандай жеңілдіктер енгізілді?

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тест тапсыруға 132 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Эпидемия кезінде қашықтан оқуға көшкен мектеп түлектері үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар жеңілдік енгізді, - деп жазады Egemen.kz.

 

* Ұлттық тестілеу орталығының сайтында әр пән бойынша дайындық тестілерінің 70 бірегей нұсқасы тегін орналастырылды;

 

* Қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік бітіру емтихандары өткізілмеді, ал аттестаттар жылдық бағалар негізінде берілді;

 

* Мектеп бітірушілері IV тоқсанда өткен материалды қайталап, бекітеді, сондықтан ҰБТ-да 11 сыныптағы соңғы тоқсанның сұрақтары болмайды;

 

* ҰБТ тапсыру барысында калькулятор қолдануға рұқсат етілді, олар үстелдерде тұрады. Бірақ талапкер өзі қалаған құрылғыны өзімен бірге әкеле алмайды. Калькулятор ҰБТ тапсыру орындарында ғана беріледі.

 

* Тестілеу уақыты 4 сағатқа ұзартылды.

 

* Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылардың саны 12%-ға артқан. Өтініштер алғаш рет онлайн қабылданды.

 

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның шекті балы белгіленді.

 

Сондай-ақ академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие.

 

Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талап күшейтілді, яғни оқуға түсу үшін шекті балы 70-ке дейін көтерілді. 

 

 




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 16:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30