Жаңалықтар

Үздік мұғалім - 2021: Ұстаз екенімді мақтанышпен айта аламын

  • Үздік мұғалім - 2021: Ұстаз екенімді мақтанышпен айта аламын

    Үздік мұғалім - 2021: Ұстаз екенімді мақтанышпен айта аламын

Білім көшін ілгері жылжытып, ел қатарлы еңбек етіп отырған ұлағатты жанның бірі – «Үздік мұғалім – 2021» төсбелгісінің иегері ақмолалық ұстаз Ләззат Қасқаева дер едік. Өмірлік ұстанымы бар ол еңбекке деген құлшынысы мен табандылығының арқасында биік белестерге қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ләззат Байсеркеқызы Жақсы ауданындағы жалпы білім беретін №1 орта мектепте 20 жылдан астам уақыт қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен шәкірттерін білім нәрімен сусындатып келеді. Ол оқушыларының бойына адамгершілік пен жақсы қасиеттерді сіңірген тамаша педагог.


Үздік мұғалім - 2021: Ұстаз екенімді мақтанышпен айта аламын 2021 жылғы 3 қазан 12:50Бөлісіңіз: КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қоғамда қандай мамандық иесі болса да бәрі ұстаздан білім, тәлім-тәрбие алады. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Мәулен Әшімбаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады Елорда мұғалімдеріне қандай еңбек жағдайлары жасалған Мұғалімге құрмет те, мәртебе де қажырлы еңбекпен келеді – Дәметкен Баенова Ұстаздың абырой-беделі оның өзіне байланысты – Әсел Ерментаева Білім көшін ілгері жылжытып, ел қатарлы еңбек етіп отырған ұлағатты жанның бірі – «Үздік мұғалім – 2021» төсбелгісінің иегері ақмолалық ұстаз Ләззат Қасқаева дер едік. Өмірлік ұстанымы бар ол еңбекке деген құлшынысы мен табандылығының арқасында биік белестерге қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ләззат Байсеркеқызы Жақсы ауданындағы жалпы білім беретін №1 орта мектепте 20 жылдан астам уақыт қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен шәкірттерін білім нәрімен сусындатып келеді. Ол оқушыларының бойына адамгершілік пен жақсы қасиеттерді сіңірген тамаша педагог. Арқалық педагогикалық институтын тәмәмдаған ол Ақмола облысының Жақсы ауылындағы мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасады. Педагогикалық мансабын ауыл мектебінен бастаған ол сонда бүгінгі жан жолдасы Багидден Бірәлинді кездестіріп, отбасын құрады. Міне содан бері ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де ол таңдаған жолынан адаспай, отбасын ұйытып, шәкірттерінің білім алуына атсалысып келеді. Ләззат Байсеркеқызы Алматы облысы Кеген ауданы Шығанақ ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Отбасындағы он баланың екеуі Ләззат пен оның әпкесі Салтанат педагог мамандығын таңдайды. Ләззаттың балалық арманы ұстаз болу еді.


«Мен мұғалім болуды бала кезімнен армандап өстім. Алғашқы ұстазым Айсұлу апайға еліктеп, сол кісі сияқты мұғалім болуды мақсат тұттым. Бала - таза парақ сияқты, ол өсіп, ересектерге еліктеп, олардан барлық жақсы және жаман әрекеттерді сіңіреді. Алғашқы ұстазымның қазақ тілі мен әдебиетінен қалай оқытқаны әлі есімде. Менің ұстаз болуыма түрткі болған сол кісі. Сол балалық арманым мені адастырмай мұғалім мамандығына алып келді. Мен бүгін ұстаз екенімді мақтанышпен айта аламын. Мұғалім ретіндегі біздің бірінші міндетіміз-сапалы білім беру және оқушылардың сауатты, тәрбиелі болып қалыптасуына ықпал ету. Сондықтан, әр сабақта мен балалардың назарын аударуға, сабақты қызықты ету үшін әртүрлі әдістерді қолданамын. Трендте, заманауи талаптарға сай болу үшін көбірек жаңа технологияларды қолдану қажет. Сонымен қатар, кез-келген сабақта шынайы өмірмен қатар, оқушыларды қызықтыра білу керек», - дейді «Үздік мұғалім» төсбелгісінің иегері Ләззат Қасқаева.
Айта кетсек, Ләззат Байсеркеқызы жақында ҚР Білім және ғылым министрінің қатысуымен Қостанайда өткен өткен конференцияға қатысып, еліміздің үздік мұғалімдерінің арасында «Үздік мұғалім» төсбелгісімен марапатталған болатын. 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.10.2021, 12:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31