Жаңалықтар

Вагонда тұрып келген мектеп мұғалімі баспаналы болды

  • Вагонда тұрып келген мектеп мұғалімі баспаналы болды

    Вагонда тұрып келген мектеп мұғалімі баспаналы болды

Бүгін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғыны Мая Цопонқызына үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Төрт жылдан бері 40 тонналық темір контейнерді паналап келген мектеп мұғалімі үшін бүгіннен бастап бақытты күндердің есігі айқара ашылғандай. ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі &ndash пәтерге» жобасы аясында Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйытқы болуымен 279-баспана кілті &ndash Мая Цопонқызына төл мерекесінде жасалған теңдессіз сыйлық болды.

Осыдан төрт жыл бұрын жұбайы Әскер Калемханұлы басынан жарақат алып, еңбекке жарамсыз болып қалғалы тағдыр тауқыметі титықтатқан шарасыз отбасы темір контейнерді паналап келген болатын. Сырқат күйеуі мен екі баласын асырау оңайға соқпаса да, Қоянды мектебіндегі ұстаздық қызметінен қол үзбеген. Қиындықпен жалғыз алысқан қайсар жанға құрмет ретінде мерекелік шара Ұстаздар күніне орайластырылып, Калемхановтар отбасы үшін тосын сый жасалды.

Игілікті шараға белгілі тележүргізуші, сенатор Дана Нұржігітқызы арнайы қатысып, мектеп мұғалімінің қуанышымен бөлісіп қайтты. Жаңа баспанада жайылған дастарханда басында ізгі тілектер айтылып, қазақы дәстүрге сай жаңа шаңыраққа қажетті сыйлықтар тарту етілді. Игі шараға демеушілік танытып, сүттей ұйыған бір отбасының бақытты болуына септіктерін тигізген Ерлік Хайдарұлы бастаған ел ағалары да қуаныштың басынан табылып, ізгі тілектерін білдірді.
BAQ.KZ




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 20:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31