Жаңалықтар

"Вакцина салдырмаған ата-аналардың балалары мектепте оқи алмайды": Хабарлама қазақстандықтардың шамына тиді

  • "Вакцина салдырмаған ата-аналардың балалары мектепте оқи алмайды": Хабарлама қазақстандықтардың шамына тиді

Алматыда жаңа оқу жылына дайындық басталды. Білім басқармасы кейбір сынып оқушылары қайтадан қашықтан оқуға мәжбүр болатынын жоққа шығармайды. Бұл ретте ата-аналар мектеп чаттарында вакцина салдыруын сұрап жатқанын айтады, әйтпесе балалар кезекші топтарға бара алмайды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Көп балалы ана Кәусар Күлшашарова келесі оқу жылында балаларының партаға отыруын қалайды. Бірақ олар оқитын жалғыз мектеп адамға толы екенін біліп, кішкентайларының денсаулығы үшін қорқады. Сонымен қатар мектеп чаттарында вакцина алмаған ата-аналардың балалары қашықтан оқитыны туралы хабарламалар пайда бола бастапты.

 
“Қазір ата-аналар чаттарына барлық ата-аналарды вакцинациялау керек деген хабарламалар келіп жатыр, бұл құпия емес. Бірақ кейбіреулер денсаулығына байланысты вакцина салдырмауы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Екіншіден, пандемия жағдайында офлайн оқуға қалай ауысатынымыз түсініксіз, әсіресе біздің мектепте адам көп болғандықтан, әр сыныпта 30-дан астам бала бар”, – деді Кәусар Күлшашарова.

Алматының білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, педагогтердің 90%-ға жуығы екпе алды, жеке оқу орындарында мұғалімдердің 50%-дан астамы ерікті вакцинациядан өтті.

“Мұндай талап жоқ. Бірақ офлайн форматқа көшу үшін, әрине, мойындауымыз керек, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымыз керек. Бүгінде мұғалімдердің көпшілігі вакцинацияланған. Ата-аналарға міндетті түрде вакцина егу керек деген тапсырма жоқ”, –деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Бірақ дәстүрлі білім беру түріне қайта оралу күмәнді болып қала береді.

“100% офлайн емес, мүмкін, оқытудың қандай да бір аралас форматы есіңізде болса, біз екінші, төртінші тоқсанға қыста ауысқан болатынбыз. Мүмкін, біз қандай да бір оқыту форматтары туралы ойланармыз, бірақ кейбір бөлігі офлайн режимде болады”, –деді Ләззат Жылқыбаева.

“Балаларды кезекші сыныптарға бөлуге тура келсе де, барлығына жеткілікті орын бар”, – дейді білім басқармасы. Жыл соңына дейін Алматыда сегіз жаңа мектеп пен қолданыстағы 17 мектепке жапсаржай салынады. МЖӘ бойынша жұмыс істейтін алты жекеменшік мектеп 1 қыркүйекке дейін ашылмақ. Жалпы мегаполисте қосымша 24 мың мектеп орны ашылады.




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.06.2021, 11:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30