Білім. Реферат

Тоқаевтың тапсырмасы: студенттердің шәкіртақысы қашан өседі

  • Тоқаевтың тапсырмасы: студенттердің шәкіртақысы қашан өседі

    Тоқаевтың тапсырмасы: студенттердің шәкіртақысы қашан өседі

Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 процентке өсіруді тапсырған болатын

Білім және ғылым министрлігі студенттердің шәкіртақысын өсіруге қатысты тапсырманың қалай орындалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, студенттердің шәкіртақысын 25 процентке өсіру үшін бірқатар нормативтік актіні өзгерту керек. Бүгінде министрлік осы жұмыспен айналысуда.

"Қазіргі кезде біз нормативтік-құқықтың актілерге тиісті өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Меніңше, осы айдың соңына дейін біз сол нормативтік актілерді қабылдаймыз. Ал қаңтардың соңына дейін үлгермесек, онда қайта есептеу жасалады да, ол ақша ақпан айында толығымен төленеді", - деді Асылова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында жастармен кездескен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысын 25 процентке арттыруды тапсырған болатын.

"Стипендия 2016 жылдан бері көтерілмеген. Бірақ, оның объективті себептері бар еді. Сондықтан студенттерді қолдау үшін мен шешім қабылдадым. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25 процентке көбейеді. Бұл шара 130 мың адамды қамтиды", - деді президент.
Атап айтсақ, колледж студенттерінің стипендиясы да 25 процентке артады.




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 14:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29