Мерекеге жалпыхалықтық сипат беріп, қарапайым еңбеккер мейрамы ету үшін қандай үрдістер енгізу керек?

28 сәуір 2012, 13:14

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
– Бұл күннің ежелден келе жатқан өзіндік тарихы бар. 1 Мамырдың таптық сипаты болғаны әуелден мәлім. Со­дан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таң­да Мамыр мерекесін әртүрлі маз­мұнда әлем­нің 66 мемлекеті тойлайды. Ресей империясында 1890 жылдан бас­тап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл мейрамды той­лау­дың арты таптық сипат алып, бұқа­ра­лық бас көтеруге ұласты. Содан бер­гідегі кеңес­тік идеология­ның тегеуріні сондай, дәулетті адам жұмысшы таптың алдын­да қуыстанып жүретін. Әлеуметтік жауап­кершіліктің жүгі басым болатын. Міне, бізге де осы мерекені пайдалана оты­рып ресми түрде арнайы шаралар қабылдаған жөн. Меніңше, осы мереке барысында еліміздегі жұмысшылардың еңбек құқығы ескеріліп, көктемде жаңа­ша жұмыс шарттары жасалып, билік пен бұқара арасындағы байланыс тереңдей түсуі қажет...


Сиязбек МҰҚАШЕВ, Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының президенті:
– Мамыр мерекесін біз «Бірлік-Татулық-Еңбек» мейрамы ретінде атап өтеміз. Мұның өзінде үлкен маңыз бар. Бұл үш ұғымның басын біріктіріп, «келе­шекте бірлігі жарасқан, ынтымағы мығым, еңбекқор ел болсақ» деген ар­ман барлығымызда да бар. Ал бұл арман болашақта мерекені жалпы­ха­лық­тық сипатқа айналдыра алатынына сенім мол. Жалпы мерекені халықтық си­пат­қа айнал­дыру үшін бүгінгі жас­тардың бел­сенділігін арт­тыру қажет. Көкірегі ояу, көзі ашық жас­тардың легі арта­тын бол­са, әрбір шаруаның атқа­­ры­латыны дау­сыз. 1 Мамыр мере­кесі біздің ел­дегі этностарды бұрын­ғы­дан да жақын­­д­ас­ты­ра түсуі тиіс. Міне, осы жауап­кершілікті әрбір қазақ­стан­дық жете сезінгенде мерекенің маңызы да артпақ...