Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

ARTBAT fest: қазақстандық және шетелдік суретшілердің өнер туындылары ұсынылады

  • ARTBAT fest: қазақстандық және шетелдік суретшілердің өнер туындылары ұсынылады

    ARTBAT fest: қазақстандық және шетелдік суретшілердің өнер туындылары ұсынылады

 Алматыда Қала күні кең көлемде аталып өтпек. Ару қаланың 1002 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өтеді. Оның 50-ден астамы – мәдени шаралар. Түрлі фестиваль, көрме концерттерге тек отандық қана емес, шетелдік өнер майталмандары мен суретшілер де арнайы келмек. Соның ішінде, «АRТBAT fest» фестивалі 24 тамызда басталады. Аталған іс-шараға Алматы қаласындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері де белсене атсалыспақ. 


Алматыда халықаралық «ARTBAT fest» өнер фестивалі тоғызыншы рет шымылдығын түрмек. Паблик-арт жобасы халықаралық еуропалық бағдарламаға енді. Оған Франция сәулетшісі Симон Жакмин және словениялық суретші Мартин Брицель Барага жетекшілік етпек. Биылғы фестиваль тақырыбы – «Су ағыны». Көптеген инсталляция тіршілік нәрімен байланысты жасалады. Өз жұмыстарын отандық суретшілер ғана емес, Словения, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания және Жапониядан келген суретшілер де ұсынады.


«ARTBAT Fest» тек паблик-арт қана емес, оның аясында көрме, оқыту алаңдары да жұмыс істейді. Мамыр айынан бастап көркем ым мектебі қызмет етеді. Сонымен қатар, Ресей, Үндістан, Әзірбайжан, Швейцариядан келген суретшілердіӊ көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде «Заманауи алматылықтыӊ портреті» атты көркемдік зерттеу жүргізілуде. Оның нәтижесі фестивальде көрсетіледі. Сондай-ақ Беларусь пен Армения суретшілері келіп, фестивальге өз жұмыстарын ұсынады», – деді «АRTBAT fest» фестивалінің директоры Ольга Веселова.


Әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнер иелерінің қатысуымен симпозиум өткізілмек. Дәстүрлі шара 2010 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында оған 20-дан аса мемлекеттен келген суретші және кураторлар қатысып, 300-ден астам заманауи туынды ұсынған.


Қала тұрғындарын сөзге тартып көргенімізде, көпшілігі Қала күнін асыға күтіп жүргендерін айтты. Мәселен, мына тұрғын: «Концертерін, жәрмеңкелерін көреміз. Жылдағыдай болады деп ойлаймын. Қаламыз көркейе берсін», – десе, ал келесі бір тұрғын: «Қала күнін күтіп жүрміз. Қызықты шоулар, мықты отшашулар болады деп үміттенеміз», – деді көтеріңкі көңіл күймен.


Қала күнінде 100-ден аса іс-шара өткізілмек. Оның ішінде, «Көктөбе опера», «Оркестрлер шеруі» яғни, ашық аспан астындағы оркестр музыкасының фестивалі қалың жұрттың көңілін көтермек. Бұдан өзге, Отбасы фестивалі және «Almaty garden show» бау-бақша халықаралық фестивалі ұйымдастырылады.


Перизат Көмекбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы




Көрілген: 625    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.08.2018, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31