Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматы қаласының қайта жаңғыруы шағын орта бизнестің дамуына қалай әсерін тигізді

  • Алматы қаласының қайта жаңғыруы шағын орта бизнестің дамуына қалай әсерін тигізді

    Алматы қаласының қайта жаңғыруы шағын орта бизнестің дамуына қалай әсерін тигізді

Қаланың тарихи орталығын шағын және орта бизнес үшін қайта құру қалай ықпал еткенін алматылық кәсіпкерлер айтып берді. Алматыда жеті айдың қортындысы бойынша кіші және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салық түсімінің өсуі 37 млрд. теңгеге белгіленді. Сонымен бірге, жалпы көлемнің үлесі 661,2 млрд. теңгені құрай отырып, қазірдің өзінде 60% асып түсті.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаяу жүргіншілер аймағының трансформациясы трафиктің орта есеппен 30%-ға ұлғаюына, ал дүкендердің айналымы 17%-ға артуына алып келеді. Егер Панфилов және Жібек Жолы көшелерінің қайта жөндеуге дейінгі орташа ай сайынғы айналымы мұнда 25 млн. теңгені құраса, жөндеуден өткеннен кейін көшелер 37 млн. теңгеге дейін өсті. Өз кезегінде кәсіпорындарға келу 40%-ға өсті.

Мысалға, егер өткен жылы автокөлікті Панфилов көшесінде 18 бизнес нысаны жұмыс істесе, бүгінде жүргіншілер көшесінде бұл сан 30-ға дейін өсті. Өз кезегінде Арбатта бұл көрсеткіш екі есе ұлғайды. Яғни, бір жыл ішінде тек екі көшедегі сауда мен қоғамдық тамақтанудың нысандар саны 26-дан 43-ке дейін өсіп отыр.

Панфилов көшесінің қайта құрылуы бизнестің сапасына қалай әсер еткені жөнінде «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко айтып берді.

«Біздің дүкен Гоголь-Панфилов көшелерінің қиылысында 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл жылдары адамдар стрит-ритейлдерге, содан соң сауда орталықтарына кетсе, қазір жақсы сән орындарына барады. Бізде мынадай статистикаға қарсы шыққан оқиға болған. Қайта жөндеуден соң бұрын болмаған кітаптардың сатылу өсімі басталды. Біздің еліміз бойынша дүкендеріміз көп. Қазір Панфилов көшесін Қазақстанның басқа қалаларымен салыстыруға келмейтіндей етіп жасады», - деп көрсетті Вадим Голенко.

Оның сөзінше, қайта жаңартылған Панфилов көшесінде орындықта кітап оқу адамдар шетелден көріп жүргенмен сәйкес келеді.

«Бүгінде Панфилов бойымен қыдыру – бұл мәдени-эстетикалық оқиға және кітаптардың форматы осы суретке толық сәйкес келеді. Сондай-ақ, Панфилов көшесін туристік тартымдылыққа айналды деп айтуға болады. Бізде ағылшын тіліндегі әдебиеттердің сатылымы ұлғаюда. Бұл шетелдік қонақтардың пайда болғанын көрсетеді. Өзімнен білемін, Панфилов көшесін жөндеу кезінде біздің дүкенде сауда төмендеп кеткен болатын, бірақ біз бұл жағдайдың уақытша екенін түсіндік. Қалалық биліктің таңдаған бағыты нақты нәтижелерге әкеледі. Және мұндай жағдайда - бұл біздің дүкеннің сатып алушыларының ризашылықтары», - деп қосты ол.

Еске түсіреміз, биылғы жылы Алматыда қаланың тарихи орталығын қайта жөндеу жалғасуда.

Егер өткен жылы Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Бәйсеитова және «Астана» алаңы жөндеуден өтсе, биылғы жылы Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даңғылдары, «Алматы-2» вокзалы аумағы және Республика сарайы алдындағы алаң жөндеуден өтетін болады.

Соңғы үш жылда 524 көше мен 800 км аса инжернерлік жүйелер салынып, жөндеуден өтті. 3787 ауланың 1400-і қамтылып, күрделі жөндеуден өтті.


 




Көрілген: 808    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.08.2018, 23:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31