Алматыда алғаш футзалдан әлем чемпионаты өтуде
Студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты тамыздың 19-26 аралығында Алматы арена сарайында өтуде.
Турнирдің ашылу салтанатына Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, FISU вице-президенті Мариан Дымальски, қала басшылығы, белгілі спортшылар мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Алматы қаласының танымалдылығын арттырып қана қоймай, ұлттар достығын паш ететін турнирге қаланың қонақтары мен тұрғындар үлкен қызығушылық танытып отыр.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек чемпионатты салтанатты түрде ашық деп жариялады. Төреші Талғат Досмұхамедов пен Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Біржан Оразов спортшылар атынан әділ күрес туралы ант берді. Шараның басында 2014 жылғы Олимпиаданың қол жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған қойылым көрсетілді. Биыл турнирге 17 елден 25 команда, бес жүзге жуық адам келіп отыр. Оның ішінде: Аргентина, Болгария, Германия, Израиль, Канада, Қытай, Жаңа Зеландия, Польша, Португалия, Ресей, Словакия, Таиланд, Украина, Франция, Хорватия, Чехия бар.
Еркенұр Ерзия