Алматыда ұйғыр этномәдени орталығы Елбасының жолдауын талқылады
Еліміздегі ұйғыр халқы да Елбасы Жолдауын жан-жақты талқылап, барынша қолдау білдіріп, өз үлестерін қосуға дайындық жұмыстарын бастап кетті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Кеше Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының Жолдауды талқыға салған кеңейтілген жиыны болды.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА кеңісінің мүшесі, Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдениет орталығының төрағасы Шаймардан Нурумов жиналысты жүргізіп басқарма мүшелеріне Жолдауды жан-жақты түсіндіріп, талқылады. Ол өз сөзінде «Біз дана Елбасымыздың саясатына қолдау білдіріп, аз ғана уақыттың ішінде дамып келе жатырмыз. Әсіресі әр этносқа берілген мүмкіндіктер пайдаланылып, Қазақстан халқының бірлігін сақтап, халқымыздың әл-ауқатын жақсарттық», – деді.
Жиында 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануына байланысты, Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығынының мүшелеріне жастар тәрбиесіне бұрынғыданда көп көңіл бөліну керектігі жөнінде айтылып, Қазақстан Ұйғыр Жастарының Бірлестігіне іс-шаралар мен жұмыстар кестесін әзірлеуге тапсырмалар берілді. «Президентіміз оқу және білім мәселесіне ерекше тоқталды. Үш жылдың ішінде білім мен денсаулық сақтау саласына ішкі жалпы өнімнен 10 пайыз жұмсалатынын айтты. Осы категория бойынша: Еліміздегі мектептер мен балабақшалар түгелдей бейнебақылау жүйесімен қамтылады 2019 жылы еліміздің әрбір аймағында жастар үйлері ашылуы мүмкін», – деп атап өтті Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығының төрағасы.
Жиналыс соңы ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау мен басқарма мүшелеріне жаңа мүшелерді қабылдауға ұласты.
Нұрлы Еділов