Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

«Балаға мейірім сыйла!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

  • «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

    «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

Алматыда Әуезов ауданының әкім аппаратының және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ" жобасы аясында, «Москва» сауда-сауық ойын кешенінде, «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы өкілдігі де өз үлестерін қосты. 


Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы республикамызда өтетін басқа да қайырымдылық акциялары сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жыл сайын өтіп тұрады.«Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заңына әр оқу жылы басталарда барлық бала білім алуы тиіс деген қағидат бойынша ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды есепке алып, олардың мектепке баруына ықпал етуді ҚХА қызметкерлері өз міндеттеріне алған. Осы мақсатта білім мен әлеуметтік қорғау мекемелерінің, ішкі істер департаменті мен этномәдени бірлестіктер қалалар мен аудандар бойынша рейдтер жүргізіп,жасөспірімдердің заңсыз еңбекке тартылмауын, уақытылы білім алуын қадағалайды.
ҚХА Алматы бөлімшесі жанындағы Аналар кеңесі осындай шараларды жыл бойы өткізіп тұрады. Көбіне, көмекке мұқтаж, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жетім балаларға қол ұшын беруге атсалысатын ассамблея қызметкерлері балаларды оқу құрлдарымен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп келеді.

Акция барысында жиылған балалар мен олардың ата-аналарын Алматы қалалық Мәслихат депутаттары Махамбет Хасенов пен Ерболат Қасымов, Әуезов ауданының әкім орынбасары Дастан Қайратұлы, «Сайран» автобекетінің директоры Күлаш Мұқажанова мен «Тағам» асханалар желісінің әкімшісі Жәмилә Асланқызы келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді. 


– Бұл акция өте жақсы, қажетті әлеуметтік бастама. Мен осы қалада тұрамын, менде төрт бала бар, олар да барлығын үйреніп жатыр, мен мектепте қажетті барлық нәрселерді қамтамасыз ету қаншалықты маңызды екенін білемін. Мен өз ісіммен айналысамын, мұқтаж адамдарға көмектесуге мүмкіндігім бар, сондықтан мен қалмаймын. Депутат ретінде мен мұндай шараларға қатысуға міндеттімін деп санаймын. Өйткені, өкінішке орай, бәрінің де мектепке қажетті заттар сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді. Бірақ әрбір бала үшін мектепке дайындық - бұл ерекше сәт. Сонымен қатар, мен осы бағдарлама жұмыс істейтін Ниет Қорының Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі болып табыламын. Ертеңгі күні бұл балалар өсіп, балаларына бірдей үлгі болады. Олар мейірімді болады, көмекке мұқтаж адамжарға көмектеседі, - деді Алматы қалалық Мәслихат депутаттары Махамбет Хасенов.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция жыл сайын дәстүрлi түрде, 1-30 тамыз арылығында, ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.


– Шара барысында ауданның кәсіпкерлері мен миценаттардың көмегімен, аз қамтылған және жағдайлары төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорысыз қалған және қамқордағы 550 балаға қажетті мектеп құралдары бар мектеп сөмкелері және 300 балаға мектеп формасы табысталды. – деді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Достанов.


Акция соңында балаларға арнайы Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театры әртістері көрініс көрсетіп, балалармен суретте түсті. Сосын балалар назарына «Аксель» атты фантастикалық фильмінің тегін көрсетілімі ұсынылды. Сонымен қатар, балаларға тәттілер, сусындар мен балмұздақтар тегін таратылды.


sn.kz




Көрілген: 1093    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.08.2018, 17:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30